Мәтінді пішімдеу

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру; терезе құрылымы туралы түсінік беру; мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру; құжатты құру, ашу және сақтауды үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Нәтиже (күтілетін):

Құжатпен негізгі әрекеттер
  • WordPad-ты іске қосу жолын біледі.
  • Құжат құрады, мәтін енгізеді және өңдейді.
  • Қаріп, өлшем, әлпет және абзац параметрлерін өзгерте алады.
  • Құжатты сақтайды, ашады және баспаға шығарады.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырып бойынша білімін нақтылау.

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Мәтіндік процессор — тек мәтінді енгізу және түзету құралы ғана емес. Ол мәтінді пішімдеуге арналған мүмкіндіктері бар бағдарламалар класы. Пішімдеу қағазға және экранға шығару параметрлерін басқаратын «көрінбейтін» кодтар арқылы жүзеге асады.

Негізгі түсініктер: мәтіндік редактор және WordPad

WordPad дегеніміз не?

WordPad — мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндіктері бар қарапайым мәтіндік процессор. Ол қарапайым құжаттарды дайындауға және мәтіндік файлдарды бір пішімнен екінші пішімге түрлендіруге қолданылады.

Ерекшелігі

Жеңіл, тез іске қосылады, базалық форматтау мен құжат әрекеттерін қолдайды.

Компьютер мәтінмен жұмыста не береді?

  • 1 Мәтінді түзету, үзінді қосу, жаңа жол енгізу, құжаттарды біріктіру, шеттерін тегістеу, ортасына келтіру, сақтау және көп данамен баспаға шығару.
  • 2 Әртүрлі қаріптерді, әр тілдің әліпбиін және графикалық символдарды қолдану.
  • 3 Кесте, сурет, график кірістіру; мәтінді әртүрлі пішінде орналастыру (мысалы, көлеңке беру және т.б.).
  • 4 Сканер арқылы қағаздағы мәтінді өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіру.
  • 5 Стандартты құжаттар үшін дайын үлгілерді қолдану.

WordPad-пен жұмыс істеу

Мүмкіндіктері

WordPad қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді: мәтін мен абзацты пішімдеу, шекараларды (маржиндарды) өзгерту, шегініс орнату, әртүрлі қаріп қолдану, сондай-ақ графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділерін және бейнеклиптерді кірістіру.

Бағдарламаны іске қосу

Іске қосу тізбегі

Пуск → Программы → Стандартные → WordPad

Редактор іске қосылғаннан кейін WordPad терезесі ашылады.

Терезе элементтері

WordPad терезесі әдетте мына бөліктерден тұрады: тақырып жолағы, мәзір жолағы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін жұмыс аймағы алып жатады — мәтін дәл осы жерге енгізіледі.

Тақырып жолағы

Құжат атауы және WordPad бағдарламасының атауы көрсетіледі.

Құрал-саймандар тақтасы

Жиі қолданылатын командаларды батырмалар арқылы шақырады.

Кеңес (tooltip)

Батырманың қызметін білу үшін меңзерді үстіне апарсаңыз, қысқаша атауы шығады.

Құжат құру сатылары

  1. 1

    Қаріп пен өлшемді таңдау

    Қажетті тілді тапсырмалар тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы таңдауға болады. Қаріп түрін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп тізімінен, ал өлшемін Қаріп өлшемі тізімінен өзгертіңіз. Қаріп, өлшем және әлпетті бірге баптау үшін Формат → Шрифт (Формат → Қаріп) командасын орындаңыз.

  2. 2

    Мәтінді енгізу және редакциялау

    Мәтін енгізілген сайын жолдар автоматты түрде төмен жылжиды. Теру кезінде жиі қолданылатын пернелер:

    Перне Қызметі
    Enter Жаңа жолға көшу
    Shift Бас әріптерді теру (пернені ұстап тұру арқылы)
    CapsLock Бас әріптер режиміне ауысу
    Backspace Меңзердің сол жағындағы таңбаны өшіру
    Delete Меңзердің оң жағындағы таңбаны өшіру
  3. 3

    Мәтінді пішімдеу

    Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді бет шеттері бойынша тегістеу әрекеттері пішімдеу деп аталады.

    Әлпет

    • ЖЖартылай қалың
    • ККурсив
    • ЧАсты сызылған

    Тегістеу

    Сол жақ шеті бойынша, оң жақ шеті бойынша және ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат → Абзац командасы арқылы да орындауға болады.

  4. 4

    Құжатты сақтау және ашу

    Сақтау

    Файл → Сохранить как

    Ескерту: сақталатын файлдың кеңейтілімі әдетте автоматты түрде *.doc болып беріледі.

    Ашу

    Файл → Открыть

    Жаңа құжат

    Файл → Создать

  5. 5

    Баспаға шығару

    Құжатты дайындаудың соңғы кезеңі — оны баспаға жіберу. Негізгі қадамдар:

    • Файл → Предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу)
    • Файл → Печать (басып шығару)

Тапсырмалар

Практикалық тапсырмалар

  1. 1WordPad мәтіндік редакторын іске қосу тізбегін көрсет.
  2. 2WordPad мәтіндік редакторы туралы қысқаша сипаттама бер.
  3. 3WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін ата.
  4. 4Информатикалық диктант орында.

Назар аударатын тұстар

Өзіңді тексеру парағы

  • Мәтін енгізу және түзету пернелерін ажырата аламын.
  • Қаріпті, өлшемді және әлпетті өзгерте аламын.
  • Құжатты сақтаймын, ашамын және баспаға шығарамын.

Сабақты бекіту сұрақтары

  • WordPad мәтіндік редакторы қандай қызмет атқарады?
  • WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
  • WordPad терезесінің негізгі бөліктерін атаңдар.
  • WordPad-та құжат құру сатыларын атаңдар.
  • Мәтіннің қарпін, өлшемін және әлпетін қалай өзгертеміз?
  • Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар және олар қалай орындалады?

Бағалау, қорытынды және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен практикалық орындауына қарай білімін бағалау.

Қорытындылау

Сұрақтарға берілген жауаптарды толықтыра отырып, негізгі ұғымдарды жинақтап қорытынды жасау.

Үйге тапсырма

WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс: жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.