Көктемнің бейнесі

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны
Орал қаласы, Қаратөбе ауданы, Төлен негізгі орта мектебі
Пәні
Математика (1-сынып)
Мұғалім
Марден Үміт Айшуаққызы (бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы
Есептерді шығар

Мақсаты

Білімдік

Оқушылардың есептерді салыстыра білуін және есеп шығаруда сызбаларды қолдану дағдыларын бекіту.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, шапшаң ойлануға үйрету.

Тәрбиелік

Тиянақтылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • 1 Дидактикалық материалдар
  • 2 Кеспе сандар
  • 3 Жеке суреттер
  • 4 Геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Сыныпты түгендеу
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Шаттық шеңбері

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар!

Бүгінгі сабақта өткен тақырыптар бойынша алған білімімізді пысықтап, қайталауға арналған есептер шығарамыз. Сонымен қатар есептерді орындау арқылы тапқырлыққа және шапшаңдыққа үйренеміз.

«Көктем бейнесі» ойыны

Тақтадағы суреттен қандай бейнені көріп тұрмыз? Көктем.

Көктем келді: күн жылынады, жер көгереді, құстар туған жеріне оралады. Қыстан аман шыққан ауыл адамдары жазғы жайлауға көшеді.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз — жыл басы. Бұл кезде күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз — Ұлыстың ұлы күні, оны тойлау — халқымыздың ежелгі салты.

Сұрақтар

  • Күннің сәулесінде неше дөңгелек бар?
  • Неше үшбұрыш бар?
  • Бұлттардың бейнесі қандай сызық?
  • Киіз үйдің есігі қандай фигура?
  • Жол қандай сызық?
  • Гүлдерден қандай фигураны көріп тұрсыңдар?

Жауаптар

  • 1 дөңгелек
  • 6 үшбұрыш
  • Тұйықталған сызық
  • Тік төртбұрыш
  • Түзу сызық
  • Дөңгелек

Бұлардың барлығын бір сөзбен математикалық (геометриялық) фигуралар деп атаймыз.

Осы фигуралар арқылы 4 топқа бөлінеміз және білімімізді ортаға саламыз:

  • 1-топ

    Үшбұрыштар

  • 2-топ

    Төртбұрыштар

  • 3-топ

    Дөңгелектер

  • 4-топ

    Шаршылар

Әр топ өздерін таныстырады.

«Ойлан, тап!» математикалық жұмбақтар

  1. Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі?

    Жауабы: 4

  2. Аулада 3 үйрек, қорада 1 үйрек. 1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

    Жауабы: 2

  3. Табақта 5 алма, қолымда 2 алма. Қосқанда барлығы, болады неше алма?

    Жауабы: 7

Логикалық есептер

  1. Сабинада 7 қалам бар еді. Ол досына 3-уін сыйлады. Қанша қалды?
  2. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?
  3. Бірінші сөреде 2 кітап, ал екінші сөреде одан 5 кітап артық тұр. Екінші сөреде неше кітап бар?
  4. Дарина 5 жаста, ал Мадина Даринадан 2 жас кіші. Мадина неше жаста?
  5. Сыныпта 10 бала. Оның 6-уы ер бала. Қыз бала нешеу?
  6. Сыныпта 10 бала. 3 бала шығып кетті, 2 бала кірді. Неше бала болды?
  7. Сыныпта 9 ер бала және 10 қыз бала бар. Қыздардың саны ер балаларға қарағанда нешеуге артық?

Топтық жұмыс (жауаптар арқылы сөз шығару)

4 + 5 = ___
8 − 3 = ___
7 − 4 = ___
6 + 2 = ___
5 + 3 = ___
5 − 5 = ___
4 − 4 = ___
4 + 0 = ___
5 + 0 = ___
9 − 0 = ___
6 − 0 = ___
8 − 7 = ___
9 − 7 = ___
6 − 4 = ___
6 − 3 = ___
5 − 5 = ___
10 − 6 = ___
1 + 7 = ___

Ойын: «Қатесін түзе!»

Берілген мысалдар мен жауаптарды тексеріп, қателерін тауып түзетеді.

Математикалық диктант

Мұғалім айтқан тапсырмалар бойынша оқушылар қысқа есептеулерді дәптерге орындайды.

III. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

  • №1. Есептерге сызба таңдап, оны шығар.

    Мысал: 5 + 3

    Жауабы: 8 автобус

  • №2. Аз қате жіберген оқушыны анықта (Талғат, Мұрат).
  • №3. Теңсіздіктер құрастыр: 3 + 2 және 2 − 1; 3 − 2 және 1 + 2.
  • №4. «Кел, ойнайық! Кімде не бар?»

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін сергіту.

Дәптермен жұмыс

  • №1. Сызбаны есептің мәліметтерімен толықтыр.
  • №2. Қандай сандар қою керек?
  • №3. Өрнектерді есепте.
  • №4. Теңсіздіктерді есептеп, салыстыр.

IV. Қорытынды

Сұрақ-жауап

Оқушылар сабақта орындаған есептер бойынша қорытынды жасап, негізгі түсініктерді қайталайды.

Қажет болса, сабақтың толық нұсқасын және слайд материалдарын бөлек жүктеп алуға болады.