Вертикаль бұрыштар

Сабақ туралы

Тақырып

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Жеке жұмыс
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Мақсаттар

  1. Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамалары мен негізгі қасиеттерін меңгерту және оларды есеп шығаруда тиімді қолдануға үйрету.
  2. Оқушыларды өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу; пәнге қызығушылығын арттыру; ұқыптылық пен шапшаңдыққа баулу.
  3. Ой-өрісін кеңейту арқылы танымдық қабілетін дамыту.

Сабақ барысы: саяхат идеясы

Сабақ Н. Назарбаевтың «Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген сөзімен басталады. Одан кейін оқушылармен қысқаша әңгіме жүргізіледі: әлемнің 7 кереметі және Қазақстанның 7 кереметі туралы не білеміз? Осы байланыс арқылы бүгін Маңғыстаудың 7 кереметімен таныса отырып, геометрия тақырыбын меңгереміз.

№1 керемет — Шерқала

Үй тапсырмасы

Шерқала — Маңғыстау ауданындағы Ақмыш бұлағының қарсы алдында орналасқан, пирамида пішіндес шоқылы тау. Тау басына көтерілу үшін ұзындығы шамамен 300 метр болатын арнайы баспалдақ жол жасалған.

Тапсырма: үй жұмысын тексеру

  • Сәуле
  • Бұрыш
  • Бұрыштың түрлері
  • Бұрыштардың теңдігі
  • ІІІ аксиома

№2 керемет — Бекет ата ескерткіші

Жаңа тақырып

Бекет ата ескерткіші Үстірттің батысындағы Оғыланды жерінде орналасқан. Мұнда төрт бөлмелі жерасты мешітінде пір Бекет өмір сүріп, бала оқытқан. Бұл мешіт оның дарынды сәулеткерлігі мен биік талғамының айғағы. Халық қасиетті орын деп құрмет тұтады, жыл сайын мыңдаған адам зиярат етеді.

Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Сыбайлас бұрыштың анықтамасы
  2. Теореманы дәлелдеу
  3. Вертикаль бұрыштардың анықтамасы
  4. Қасиеті және дәлелдеуі

Сызбалар дәптерге орындатылады.

№3 керемет — Қарақия ойпаты

Кітаппен жұмыс

Қарақия ойпаты — әлемдегі ең терең ойпаттардың бірі, ТМД аумағындағы ең терең ойпат ретінде де аталады. Ол мұхит деңгейінен –132 метр төмен жатыр. Жер бедері ұлутастар мен бор жыныстарына бай, шығыс беткейі тік жарқабақты болып келеді.

Тапсырма

Оқулықпен жұмыс: №77, №82.

№4 керемет — Тамшалы кешені

Сергіту сәті

№4 кереметті табу үшін сергіту ретінде сөзжұмбақ шешіледі: ұлттық валюта, елтаңба авторы, әнұран әуенінің авторы, тудың авторы, бас қала, рәміздердің бірі, тәуелсіздік жылдары.

Жауабы

Тамшалы — Түпқараған ауданында, Форт-Шевченко қаласынан солтүстікке қарай шамамен 35 км жерде орналасқан табиғи су көзі. Кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгірдің қабырғаларынан мөлдір, мұздай тамшылар тамшылап тұрады. Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған. Тамшалы — мәдени демалыс аймағы.

№5 керемет — Шақпақ ата жерасты мешіті

Есеп құрастыру

Шақпақ ата — өлкеміздегі аса маңызды тарихи-сәулет ескерткіштерінің бірі. Ол Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас–Қошақ шығанағына жақын, Өңеже тауының етегінде орналасқан.

Тапсырма

Сурет бойынша есеп құрастыру: 50°-қа артық 70°.

№6 керемет — Сейсем ата қауымы

Бекіту

Сейсем ата қауымы Бейнеу ауданында орналасқан. Бұл қорымда Адайлардың осы өңірге алғаш қоныстануына ықпал еткен жолбасшылардың, батырлардың, билердің және елге белгілі адамдардың бейіттері бар.

Үй тапсырмасы

§ 6 оқу. №82 есеп.

№7 керемет — Маңғыстау шыңыраулары

Қорытынды

Маңғыстау шыңыраулары — тереңнен су шығарған құдықшылар еңбегінің айрықша мұрасы. «Шыңырау» — құдықтың ең терең тұсы. Құдықтардың тереңдігі 6–65 метр аралығына дейін жетеді. Құдық тарихы — өлке тарихы: 1870 жылы облыс аумағында 1139 құдық болса, ХХ ғасырдың басында олардың саны 4200-ге жуықтаған. Құдық атаулары кейде құдықшылардың есімдерімен де аталған: Бесоқты, Маната, Мәстек, Тасорпа, Төлеп және т.б.

Сабақты қорытындылау тапсырмалары

  1. Сыбайлас бұрыштың анықтамасы
  2. Вертикаль бұрыштар
  3. Сыбайлас бұрыштардың қасиеті
  4. Вертикаль бұрыштардың қасиеті

Нәтиже

Тапсырмалар орындалған кезде жасырын сөз тіркесі шығады:

«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы құтты болсын!»

Осылайша сабақ аяқталады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Маңғыстау энциклопедиясы.
  2. М. Сегізбаев. «Ауылымда ізі жатыр ұлылардың».
  3. Ә. Кекілбаев. «Ұйқыдағы арудың оянуы».
  4. С. Қондыбаев. «Маңғыстау географиясы».
  5. В. А. Погорелов. «Геометрия (7–10 сынып)».