Сабақтың басы

Бөлім: Денсаулық – зор байлық

Сабақ тақырыбы: «Жаны саудың – тәні сау»

Қазақ тілі 7-сынып

Оқу мақсаттары

  • Т/А1: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
  • О6: Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады

  • Ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
  • Мәтіннің мазмұнын жалпы түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

  • Болжау кезінде тірек сөздерді қолданады.
  • Жетекші сұрақтар арқылы автордың ойын толық аша алады.
  • Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты табады.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады

  • Өз болжамына дәлел келтіріп, түсіндіреді.
  • Мәтін мазмұнын толық түсініп, нақты ақпаратты өмірмен байланыстырады және пікір білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар өз пікірін білдіру барысында нақты ақпаратты өмірмен байланыстыра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

  • Денсаулыққа әсер ететін факторлар
  • Денсаулық – рухани байлық

Диалог пен жазылымға арналған пайдалы тіркестер

  • Бас бармақ – басты мәселе

    Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

  • Балаң үйрек – бірлесу

    Мен топта қалай жұмыс жасадым?

  • Ортан терек – ойлану

    Мен бүгін қандай білім алдым?

  • Шылдыр шүмек – шынайылық

    Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Кішкентай бөбек – көңіл күй

    Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?

Талқылауға арналған сұрақтар

Денсаулыққа қандай факторлар әсер етеді?

«Денсаулық – рухани байлық» дегенді қалай түсінесің?

Неліктен денсаулық адамның өз қолында деп айтамыз?

Экологияның денсаулыққа әсері бар ма?

Айтылған ойлардан қандай қорытынды шығаруға болады? Оларға қалай қарайсың?

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарды игерту

Салауатты өмір салтын дәріптеу, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, биология.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.
  • Мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты табады.

Сабақ құрылымы

Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу.
  2. Түстер арқылы топқа бөлу.
  3. Ой шақыру: оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  4. Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын болжау.

Оқылымалды тапсырма: жетекші сұрақтар

  • Берілген суреттер мен бейнежазба бізге таныс па?
  • Бейнежазба не туралы?
  • Осы суреттердің барлығына ортақ атау бар ма?
  • Суреттердің барлығы немен байланысты?
  • Көрсетілген бейнежазба мен суреттердің бүгінгі сабаққа байланысы қандай?

Сабақтың ортасы

  • Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелермен таныстыру.
  • Оқылым тапсырмасы: әр түске сәйкес «қалпақтарды» ұсыну және әр қалпақтың қызметін түсіндіру.