Ақылды лақ

Көркем әдебиет: «Ақылды лақ»

Автор: А. Ж. Жумадилова

Білім беру саласы

  • Қатынас
  • Әлеуметтік орта

Тақырып

«Ақылды лақ»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты

  1. 1 Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.
  2. 2 Балалардың сөздік қорын молайту.
  3. 3 Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар

Суреттер

Ертегі желісі бейнеленген иллюстрациялар.

Демонстрациялық материал

Көрнекілікке арналған материалдар.

Жұмыс дәптері

Тапсырма орындауға арналған дәптер.

Оқу іс-әрекетінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көңілін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері: «Төрт түлік жыры»

Шөре – шөре, шөлдедің бе, лағым,

Сонша неге елеңдейді құлағың?

Қойшы, лағым, әлде қарның ашты ма,

Сен жыласаң, менің де келер жылағым.

Кіріспе әңгіме

Сұрақ: Балалар, үй жануарларына нелер жатады?

Жауап: Қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр, есек, мысық, үй қояны; құстардан — тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Тапсырма: Суретке қарап, үй жануарларының төлдерін атайық.

Түйе — ботақан

Қой — қошақан

Ешкі — лақ

Жылқы — құлын

Сиыр — бұзау

Ойын: Өлең жолдарын тыңдап, қай төл туралы айтылғанын табайық.

Шөре, шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым,

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Жауап: лақ

Ендеше, үй жануарларының бірі туралы «Ақылды лақ» ертегісін оқып берейік.

Ертегі мазмұны: «Ақылды лақ»

Лақ су ішу үшін өзенге барады. Суға үңілген сәтте ол қолтырауындарды көріп, өзіне қауіп төніп тұрғанын түсінеді.

Сонда лақ айлаға басып:

«Ешкінің етін жеген аң өліп қалатынын білмейсіңдер ме? Ол — дәрі сияқты. Егер мені жегілерің келсе, сандарың отызға жетсін. Сонда ғана жеулеріңе болады», — дейді.

Қолтырауындардың біреуі лақты күзетіп қалады да, қалғандары жан-жаққа «қолтырауын іздеп» кетеді. Біраздан соң олар қайта жиналып, лаққа ауыз салмақ болады.

Лақ тағы да тапқырлық танытып, оларды санап алғысы келетінін айтады: «Өлсем де, мені қанша қолтырауын бөліп жегенін білейін» дейді.

Қолтырауындар келіседі. Бірақ лақ қанша санаса да, әдейі шатасқансып, олардың бірінің артынан бірі тізіліп тұруын өтінеді. Сөйтіп, оларды өзен жағасына дейін тізіп шығарып, «санап» келе жатып, ең соңғысының тұсына жеткенде бір-ақ секіріп жағаға шығып кетеді де, зыта жөнеледі.

Сұрақ-жауап

  • Ертегі қалай аталады?

    «Ақылды лақ».

  • Лақ қайда барды, не үшін?

    Өзенге су ішуге барды.

  • Лақ суда нелерді көрді?

    Қолтырауындарды көріп, қауіп төнгенін түсінді.

  • Лақ өзін құтқару үшін не істеді?

    Айла қолданып, қолтырауындарды «санатамын» деп алдап, жағаға секіріп қашып кетті.

Негізгі ой

Тапқырлық пен сабыр қиын жағдайда жол табуға көмектеседі.

Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Секең – секең, ей лақ,

Жүрмін саған кейіп-ақ,

Тыным тапсаң болмай ма?

Секірмей-ақ кей уақыт.

Жаңылтпаш

Жаңылмай, анық айтып көрейік:

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

Қай тай лақтай?

Қай лақ бармақтай?

Қорытынды

Сабақ соңында әр баладан бүгінгі тыңдаған ертегі туралы ойын сұрап, барлығына сөйлеуге мүмкіндік беріледі.

Күтілетін нәтиже

  • Біледі: ертегінің мазмұнын.
  • Игереді: мал төлдерін дұрыс атауды.
  • Меңгереді: көркем әдеби тілде сөйлеуді.