Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №7 жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі — Ахмет Гүлзира Жолшықызы.

Сабақтың тақырыбы

Көмектес септік

Сабақтың мақсаты

  • Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім қалыптастыру.
  • Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді табу, сөз құрамына талдау және олардың байланысатын сөздерімен бірге теріп жазу арқылы жалғауларын ажырату дағдыларын дамыту.
  • Сөздерді өз бетімен септей білуге үйрету.

Тәрбиелік бағыт

  • Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Достыққа, татулыққа, әдептілікке баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Ойды жүйелі жинақтауға үйренеді.
  • Өз ойын анық әрі дәл жеткізе алады.
  • Топтар бір-бірін тыңдауға және пікір алмасуға дағдыланады.
  • Сабаққа қызығушылығы артады.

Көрнекіліктер

Слайд Интерактивті тақта Семантикалық карталар Суреттер Үлестірмелі қағаздар

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс Ұжымдық жұмыс Өзіндік жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Ой қозғау «Кім жылдам?» «Ойлан, тап!»

Барлық оқушыны сабаққа тарту

Сұрақ-жауап барысында және топтық жұмыстарды қорғау кезінде оқушылар жүйелі сөйлеуге, өз ойын дәлелдеуге және тыңдаушы мәдениетін сақтауға дағдыланады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сыныпты ұйымдастыру және психологиялық тренинг

Оқушылар шеңберге тұрып, бәрі бірге тақпақ айтады:

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар жырлаған дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,

Болашағым, бақытым — дара тілім.

2) Топқа бөлу

Оқушылар жұмбақ шешу арқылы 4 топқа бөлінеді:

  • Қыс
  • Жаз
  • Көктем
  • Күз

II. Үй тапсырмасын тексеру

67-жаттығу (133-бет): сөздердің шығыс септікте тұрғанын дәлелдеп, сөйлем құрау.

Оқушылар сөздердің шығыс септікте тұрғанын дәлелдеп, құрастырған сөйлемдерін оқиды.

III. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау (сөзжұмбақ)

Шымтезектен пайда болған қазба едім басында.

Соңғы екі әріп орнына «ек» буынын қолдансаң, сөз шығады қайырымды жанға тән.

Бұйрық райлы етістікке енді «тес» сөзін жалға, сонда септіктің жетіншісі шығады.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, мұғалімді тыңдайды, тақырыпты болжайды.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1) Оқулықпен жұмыс

69-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазу, қарамен берілген сөздерге сұрақ қою және ереже шығару.

Оқушылар сөйлемдерді көшіріп, сөздерге сұрақ қояды, ережемен танысады.

Ереже: Көмектес септік

Көмектес септіктегі зат есімдер төмендегі сұрақтарға жауап береді:

Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен?

Көмектес септігі атау септікке -мен, -бен, -пен жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Бұл жалғаулар көмектес септік жалғаулары деп аталады.

Қосымша ескерту

Толық нұсқасын жүктеу.