Натрий және калий қосылыстары
Химиядан сабақ жоспары
Пән мұғалімі: Сыдықбекова Т. Н.
Сабақ типі: аралас сабақ
Тақырыптар (§6)
- §6.1. s-элементтерге жалпы сипаттама
- §6.2. Сілтілік металдар
- §6.3. Натрий және калий
- §6.4. Натрий және калий қосылыстары
Лабораториялық тәжірибе №7
Натрий, калий, магний, кальций қосылыстарының маңызды тұздарының үлгілерімен танысу.
Сабақтың тақырыбы
§6.1. s-элементтерге жалпы сипаттама.
Білімділік мақсаты
- s-элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.
- s-элементтердің электрондық формуласын құрастыру, жеке атомға сипаттама беру, топ атомдарының айырмашылықтарын түсіндіру.
- Қорытынды жасау, жүйелеу, сөздік қорын молайту арқылы білім-білік дағдыларын дамыту.
- Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа баулу және пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақты өткізу түрі
Жұмыс форматы
- Кітаппен өз бетінше жұмыс
- Мұғалімнің толықтыруы
- Жаттығулар орындау
- Оқушылардың қорытынды жасауы
- 10-ЕТЖ-1 бойынша жұмыс
Құралдар мен реактивтер
- Кітап, дәптер
- Интерактивті тақта
- 10-ЕТЖ-1
- ХЭПЖ
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін нақтылау арқылы оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру және қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасау.
- Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау
- Амандасу
- Сабаққа дайындығын тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Сабақтың жалпы мақсатын ашу және өткізу жоспарын көрсету
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Мақсаты
- Үй тапсырмасының дұрыс әрі толық орындалуын тексеру
- Білімдегі олқылықтарды және орындау барысындағы қиындықтарды анықтау
- Анықталған кемшіліктерді түзету
Тексеру түрі және тапсырмалар
1) Айналым бойынша тексеру
Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
2) 10-ЕТЖ-1 бойынша
Жаттығулар орындалады.
Оқулық бойынша
58-бет: №1–8 тапсырмалар. §6.1, §6.2, §6.3, §6.4 бөлімдерін оқып, жүктеу және толық нұсқасын қарау.