Қар ханшайым

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»

Бұл жазбада мектепке дейінгі ұйымға арналған «Қыс қызығы» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны берілді. Мақсат — балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету және көргені мен аңғарғанын байланыстырып, дұрыс баяндауға жетелеу.

Автор туралы

  • Өңірі: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
  • Елді мекен: Баутин ауылы
  • Мекемесі: «Ақбота» балабақшасы
  • Тәрбиеші: Амирова Гүлмира Догдырбаевна
  • Білім беру саласы: Қатынас

Сабақ паспорты

  • Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
  • Тақырыбы: Қыс қызығы
  • Көрнекілігі: слайд, қыс мезгіліндегі орман табиғатының көрінісі
  • Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, көрсету, үйрету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойын, тақпақ, қорытындылау, мадақтау

Мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсат

Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту, жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, көргені мен аңғарғанын дұрыс баяндауға және байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық

Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, оны аялап, әсемдікті көріп, сезіне білуге тәрбиелеу.

Билингвальді компонент және жаңа сөз

Сөздік

Қыс
зима
Аяз
мороз
Қар
снег
Аққала
снеговик

Жаңа сөз

Коньки — мұз үстінде сырғанауға арналған аяқкиім.

Сабақтың барысы

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Амандасу

— Балалар, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын амандасып алайық: «Сәлеметсіңдер ме?»

Шаттық шеңбер

Кәне, балалар, шаттық шеңбер құрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жылы лебізімізді тақпақ арқылы білдірейік:

Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

Айтқан тілді аламыз,
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Өлең арқылы тақырыпты анықтау

Тәрбиеші өлең оқиды. Балалар қай мезгіл туралы екенін табады:

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қар омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.

— Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар: бұл — қыс мезгілі.

Сұрақ-жауап

  • Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
  • Қыс айлары қалай аталады?
  • Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?
  • Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
  • Қыс мезгілінде қандай ойындарды білесіңдер?

Сергіту сәті

Алақай, алақай,
Шапалақ ұрамыз.
Алақай, қыс келді.
Қар лақтырып ойнақтап,
Топ-топ алға басамыз.
Айналамыз, айналамыз,
Әсем әнге саламыз.

Бақылау және талқылау

  • — Балалар, қардың түсі қандай?
  • — Қарды басып жүргенде қандай дыбыс естисіңдер?

Орманға саяхат (рөлдік көрініс)

— Ендеше, орманға саяхатқа барайық. Немен барамыз?

— Шанаға мұқият отырайық.

Алдымыздан ұйытқып қарлы боран соғады. Сақ болыңдар!

Топ іші қысқы орман бейнесінде безендіріледі.

Міне, орманға да келіп жеттік. Қандай көркем табиғат! Барлығымыз таза ауамен терең тыныс алайық.

Осы сәтте боранның дыбысы естіледі.

Қар ханшайым

— Орман тыныштығын кім бұзды?

Тәрбиеші

— Сәлеметсіз бе, Қар ханшайым! Біз орманның тыныс-тіршілігін тамашалауға келдік.

Қар ханшайым

— Егер менің жүрегімді жылыта алмасаңдар, сендерді мұзға айналдырып жіберемін! Қыс туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші

— Біздің балалар қыс туралы тақпақтар біледі. Балалар, кім айтады?

Әділжан

Өстіп міне қар түсті,
Бола қалды дала аппақ.
Қар лақтырып үсті-үсті,
Балалар жүр жүгіріп.

Әмина

Бір топ бала сырғанап,
Барады әне жарысып.
Қалады артта қар алап,
Іздеріңнен қар ұшып.

Сержан

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болып қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

Қар ханшайымның тапсырмалары

— Мен сендерге сұрақ қоямын. Егер жауап бере алмасаңдар, мұзға айналдырамын!

Тәрбиеші: — Балалар, Қар ханшайымның сұрақтарына жауап береміз бе?

Құстар

  • — Ағаш басына назар аударыңдар.
  • — Ағаш басында қандай құстар отыр?
  • — Олар қандай құстар?

— Жарайсыңдар!

Жануар

— Мына бұта түбіне қараңдаршы: мұнда бізден жасырынып қандай жануар отыр? Оның жүні қандай?

Тәрбиеші: — Балалар, біз қоян туралы ән білеміз ғой. Қане, Қар ханшайымға ән айтып, би билеп берейік.

Қар ханшайым: — Сұрақтардан сүрінбей өттіңдер! Ендеше қыс мезгіліне байланысты жұмбақ жасырамын, шешіп көріңдер.

Жұмбақ

1) Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.