Көмір қышқылы және карбонаттар

Сабақ тақырыбы

  • §23. Көміртек(II) және көміртек(IV) оксидтері.
  • §24. Көмір қышқылы және карбонаттар.
  • Көміртектің табиғаттағы айналымы.

Сабақтың мақсаты

Оксидтердің жіктелуін еске түсіріп, олардың құрылымдық формуласы, қасиеттері және қолданылуы туралы білімді қорытындылау. Оксидтердің қасиеттеріндегі айырмашылықтың себептерін түсіндіру.

Көмір қышқылын басқа бейорганикалық қышқылдармен салыстыру, карбонаттардың басқа тұздардан ерекшеліктерін талдау. Көміртектің табиғаттағы айналымы туралы түсінік қалыптастыру.

Қорытындылау Салыстыру Түсіндіру Табиғи айналым

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі
Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, өздік жұмыс.

Көрнекілік және ресурстар

Құралдар мен реактивтер

  • «Карбонаттар» жинақтамасы.
  • Қатты ас содасы.
  • Әктас.
  • Концентрлі HCl.
  • Газ алуға арналған қарапайым құрал.
  • Сынауықтар.
  • Әк суы (Ca(OH)2).

Цифрлық ресурстар

  • Электронды оқулық.
  • Слайдтар.
  • Интерактивті тақта.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Әдісі: сұрақ-жауап («Кім көп біледі?»)

Сұрақ Жауап (нұсқа)
1 Көміртектің химиялық таңбасы қандай? C (оқылуы: «це»).
2 Реттік нөмірі қанша? 6.
3 Салыстырмалы атомдық массасы (Ar) нешеге тең? 12.
4 Периодтық жүйедегі орны қандай? 2-период, 14-топ (IV A).
5 Көміртек табиғатта қандай күйде кездеседі? Бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі.
6 Көміртектің қандай аллотропиялық түрөзгерістерін білесіз? Алмаз, графит.
7 Алмаздың кристалдық пішіні қандай? Тетраэдрлік тор.
8 Алмаздың негізгі физикалық қасиеттері қандай? Өте қатты, мөлдір, электр тогын өткізбейді.
9 Алмаз қайда қолданылады? Бұрғы, егеу, шыны кескіш жасау; қырланған алмаздан бриллиант алып, әшекей бұйымдарда қолдану.
10 Графиттің кристалдық пішіні қандай? Алтыбұрышты қабатты құрылым (призма).
11 Графиттің негізгі физикалық қасиеттері қандай? Жұмсақ, мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр зат; электр тогын жақсы өткізеді.
12 Графит қайда қолданылады? Қарындаш өзегі; электродтар; техникада майлағыш («құрғақ май») ретінде.
13 Адам уланғанда немесе ішекке газ жиналғанда қандай дәрі қолданылады? Карболен (белсендірілген көмір).
14 Көміртектің химиялық қасиеттерін атаңыз. Реакция теңдеулерін тақтаға жазу арқылы дәлелдеу.
15 Адсорбция дегеніміз не? Зат бөлшектерінің басқа заттың бетіне жиналып, сіңірілуі.

Үй тапсырмасын қорытындылау кезінде берілген тапсырмалар тексеріледі. Келесі бөлімдерге кіріспе жасалады: көміртек(II) және көміртек(IV) оксидтері.