Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрышты анықта
Бұрыш түрлері
Бұл сабақта оқушылар бұрыш түрлерімен танысып, көпбұрыштардың негізгі элементтерін ажырата білуге үйренеді. Жаңа білімді өз бетімен құрып, оны есептер мен сызбаларда қолдану дағдысы қалыптастырылады.
Сабақтың мақсаты
- Бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) меңгерту.
- Көпбұрыштардың элементтерін және атауларын оқып-үйрену.
- Жаңа білімді өз бетімен құру және қолдану дағдысын қалыптастыру.
Ұйымдастыру
- Түрі
- Жаңа білімді хабарлау
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, бейнелеу өнері
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру, назарды шоғырландыру.
Ойын: «Есептеу машинасы»
Флипчарт арқылы берілген өрнектерді есептеп, нәтижесін тексеру.
Математикалық диктант
Тұжырымдардың дұрыстығын анықта: Дұрыс немесе Бұрыс.
- 1) 8-ді 7-ге арттырса, 15 шығады.
- 2) 1 дм 9 см-ден кіші.
- 3) 17 мен 9-дың айырмасы 8-ге тең.
- 4) 8 бен 8-дің қосындысы 16-ға тең.
- 5) Қосуға кері амал — көбейту.
II. Мағынаны тану
Талқылау сұрақтары
-
Сұрақ:
Фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?
Жауап: бұрыштар, төртбұрыштар.
-
Сұрақ:
Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тік бұрышты қалай анықтайсың?
Нұсқау: электронды оқулықтағы үлгі бойынша тексер.
Негізгі ұғымдар
Үшбұрышты сызғыштың тік қырымен дәл сәйкес келетін бұрыш.
Тік бұрыштан кіші бұрыш.
Тік бұрыштан үлкен бұрыш.
Тәжірибелік жұмыс
- Үшбұрышты сызғышты қолданып, тік бұрышты анықта.
- Дәптерге сүйір, тік және доғал бұрыштардың сызбасын сал.
Сергіту сәті
Енді біз демаламыз, айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйініп, бәйшешектей иіліп,
Біз тынығып аламыз.
Жиі-жиі жаттығып, үлкен кісі боламыз.
Тапсырма №3
Тік бұрыштардың, көпбұрыштардың және бұрыштардың төбесін ата.