Оғыз дәуіріндегі әдебиеттің өкілдерін ата
Сабақ жоспары
Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы» және «Лұқман Хакім» қиссалары
Бұл сабақта Алтын Орда дәуіріндегі әдеби мұралармен танысып, Рабғузидің қиссалары арқылы адалдық, адамгершілік, қайырымдылық құндылықтарын талдаймыз.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдістер
Талдау, жинақтау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс
Тарих, дінтану
Сабақтың мақсаты
- Алтын Орда дәуірі туралы мәлімет беру, сол кезеңде жазылған Рабғузи қиссаларының мазмұны мен идеялық мәнін ашу.
- Рабғузидің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру; ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін нақтылау.
- Қиссалардың тағылымы арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй жұмысы: «Кім көп біледі?»
Сұрақ–жауап1-топ
- Алып Ер Тоңа кім?
- Алып Ер Тоңаның түркі тарихындағы рөлі жоқтауда қалай көрінеді?
- Оғыз дәуіріндегі әдебиет өкілдерін ата.
- Орхон ескерткіштері қандай жырлар?
- Оғыз қаған қай ғасырда өмір сүрген, кім болған?
- Йассауидің ұстаздары кімдер?
2-топ
- Тоныкөк, Күлтегін жырларын жазған кімдер?
- Қорқыт ата бейіті қай жерде?
- Ислам дәуіріндегі әдебиет өкілдері кімдер?
- М. Қашқари ғылымның қай саласымен айналысқан?
- Баласағұнидың «Құтты білік» кітабы неше тарау, неше бәйіттен тұрады?
- Иассауи кесенесін салдырған кім?
3-топ
- «Ұл — атаның ері, екі көзінің бірі». Бұл кімнің нақыл сөзі?
- Ахмет Иассауи хикметтерінде нені жырлады?
- Әл-Фараби кім? Ғылымның қандай саласымен айналысқан?
- Қорқыттың күйлерін ата.
- «Оғыз қаған» жырында неге табынған?
- Қорқыт ата кімнің замандасы?
III. «Сөздер сыры»
Түсіндірме сөздікпен жұмыс.
- Бәйіт
- Екі жолды өлең.
- Күпірлік
- Асып-тасқандық, күпірлік ету.
- Мақшар
- О дүниедегі сұрақ күні.
- Әулие
- Адал дін жолын ұстанған адам.
- Жазмыш
- Адамның тағдыры.
- Шаһнама
- Патшалар жайлы кітап.
- Сопылық
- Алланы сүю, рухани кемелдену туралы ұғым.
- Трактат
- Шағын ғылыми еңбек.
IV. Жаңа сабақ
Біз өткен сабақтарда ежелгі дәуір әдебиетінің бірнеше түрімен таныстық. XIII ғасырдың басында монғол тайпасынан шыққан Есухейұлы Темүжин көптеген жерлерді бағындырып, тарихта Шыңғыс хан деген атақпен қаған атанды.
Қазіргі қазақ жері ол кезеңде Дешті Қыпшақ деп аталды. Бұл аймақ Шыңғыстың үлкен ұлы Жошыға қарады. Жошы иелік еткен ұлан-ғайыр жұрт кейін Алтын Орда аталды.
Алтын Орда дәуірінің қысқаша сипаты
Жұрты
Түркілер
Тілі
Түркі
Діні
Ислам
Әдеби бағыты
Нәзирагөйлік
Нәзира (араб тілінен) — «жауап» деген мағынаны білдіреді. Бұл бағытта ортақ негізгі тақырып көбіне Құран хикаяларымен байланысты дамыды.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері
| Автор | Шығарма |
|---|---|
| Хорезми | «Махаббатнама» |
| Сәйф Сараи | «Түрікше Гүлстан» |
| Әли | «Қисса Жүсіп» |
| Рабғузи | «Қисса-сүл әнбия» |
| Хусам Кәтиб | «Жұмжұма» |
Осы жәдігер аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырып, біраз қиссаларды жазған автор — Рабғузи. «Рабғузи» — бүркеншік ат; «Рабат оғұзы» тіркесінің қысқарған нұсқасы ретінде түсіндіріледі. Автордың шын есімі — Насретдинұлы Бұрһанеддин.
«Қисса-сүл әнбия» туралы
«Қисса-сүл әнбия» — пайғамбарлар мен әулие-әнбиелердің өмірі, бастан өткерген оқиғалары баяндалатын прозалық шығарма. Қисса — «баяндау, әңгімелеу» деген ұғым.
1-тақырып
Жаратылыстың пайда болуы
Деректі және дерексіз мифтік әңгімелер (мысалы: «Үш түрлі топырақ»).
2-тақырып
Пайғамбарлар мен тарихи тұлғалар
Аңыз-әңгімелер (мысалы: Нұх қиссасы).
3-тақырып
Ауыз әдебиеті үлгілері
Өлеңдер мен фольклорлық мотивтер.
Рабғузи қиссаларын қазақ тіліне аударған зерттеушілер: Б. Кенжебаев, А. Қыраубаева.
«Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесі
Қазақ ертегілері мен аңыздарының таныс тақырыбына айналған бұл әңгімеде адам мен табиғаттың байланысы, жақсылыққа жақсылықпен жауап беру идеясы көрініс табады. Оқушылар оқиға желісін мәнерлеп оқып, кейін баяндап береді.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Қазақ ертегілерінде осы әңгімеге сюжеттік тұрғыдан ұқсас шығармалар бар ма?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр деп түсіндіріледі?
- Қарлығаш қандай құс ретінде сипатталады?
- Қай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің?
- Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған тау қалай аталады?
Негізгі ой
Асылдың бірі — адалдық
Талай жанға жақсылық жасап, данышпан атанған Лұқман Хакім туралы мифтер мұсылман елдерінің көбінде фольклорлық кейіпкер деңгейіне көтерілген. Түркі тіліндегі ең көне нұсқалардың бірі Рабғузиде жазылған.
«Лұқман Хакім» қиссалары бойынша жұмыс
Топтық жұмыс
- Әр хикаятқа ат қою.
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
Қолдану
- Әр шағын әңгіменің тәрбиелік мәнін анықтау.
- «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» сөзінің мағынасын ашу.
- «Кісілік», «парасат» ұғымдарын мысалмен дәлелдеу. Бұл қасиеттер сенің бойыңда бар ма?
Талдау
- Құс бейнесі не үшін алынған? Лұқман Хакім қандай адам?
- Қазіргі өмірде «Лұқман», «Хакім» есімдері кездеседі ме? Оқығаннан кейін қандай ой түйдің?
- «Мен Лұқман Хакімнен не үйрендім?» деген сұраққа жауап беру.
Жинақтау тапсырмалары
1-топ
«Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену» идеясын қорытындылап, әсер мен шешімді ақ қағазға түсіріп, ортаға салу.
2-топ
Топтастыру стратегиясы: «Лұқман Хакім қандай адам?» тақырыбы бойынша кластер құру.
3-топ
«Бүгінгі сабақтың мен үшін ең маңыздысы» тақырыбы: нені үйрендім, нені білгім келеді?
Қорытынды ой
Сабақ барысында ғұлама адамдардың өмірі мен шығармашылығы кейінгі ұрпақты адамгершілікке, ізгілікке, қара ниеттен аулақ болуға, оқу-білімге ұмтылуға және қанағатшылдыққа үндейтінін тағы бір мәрте байқадық.
Бағалау
Оқушы білімін бағалау, тиісті бағасын қою.
Үй тапсырмасы
Рабғузи қиссаларын мазмұндау.