Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау
Сабақ туралы мәлімет
Негізгі ақпарат
- Сынып
- 3 «А»
- Пән
- Математика
- Сабақтың тақырыбы
- 5-ке көбейту және бөлу
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Интерактивті жұмыс
- Сатылай кешенді талдау
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
5-ке көбейту кестесін және соған сәйкес бөлу жағдайларын құрастыру. 5-ке көбейтудің кестелік жағдайларын түсіндіру және тапсырмаларды ойын түрінде орындату.
Дамытушылық
Жаңа тақырыптың мәнін аша отырып, есептер мен теңдеулерді шешуде есептеу дағдыларын жетілдіру. Көбейту және бөлу амалдары бар тапсырмалар арқылы біліктілікті арттыру, ойлау мен есте сақтауды дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Жаңа білімді меңгеруге ынталандыру, әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа және тәртіптілікке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Құрал-жабдықтарын дайындату, назарын сабаққа аударту.
2) Үй жұмысын тексеру
- Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
- Заттың құнын табу үшін не істейміз?
- Ал санын табу үшін ше?
Үй тапсырмасы: №3 есеп — амалдарды орындау.
3) Психологиялық дайындық
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Түсінсең жаңа сабақты,
Қойылар жақсы бағасы.
4) «Миға шабуыл» сұрақтары
Шөптің арасында қояндар тығылып отыр, тек 10 құлақ ғана көрінеді. Қанша қоян тығылып отыр?
Жауабы: 5
Таразы табақшасына екі аяғымен тұрған тырнаның массасы 2 кг. Бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?
Жауабы: 2 кг
Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Боран неше тәулік соқты?
Жауабы: 4
Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?
Жауабы: 1
5) Жаңа сабақ: 5-ке көбейту және бөлу
5 × 5 дегеніміз — 5-ті 5 рет қосу. Қайталай қосқаннан гөрі көбейту амалын қолдану жеңілірек.
Бөлу — көбейтудің кері амалы. Егер 5 × a = b болса, онда b ÷ 5 = a.
Абай атамыз айтқандай:
«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан».
Үй құрастыру үшін әр маман өз тапсырмасын орындайды: экономист, сәулетші, құрылысшы, шатыр салушы, сылақшы, әрлеуші, бағбан.
6) Мәтіндік есеп (оқулық, №7)
- М
- 5 кг (біреуінің массасы)
- Қ
- 7 (саны)
5 × 7 = 35
Массасы: 35 кг.
Бекіту тапсырмалары (мамандықтар бойынша)
Сәулетші: есепте
Құрылысшы: қалдықпен бөлуді орында
Әр қалдықты бөлгішпен салыстыр. Қандай қорытынды жасауға болады?
Нұсқау: қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болады.
Шатыр салушы: сергіту сәті
- Көзімізді сағат тілі бағытымен айналдырамыз: оңға және солға.
- Басымызды оңға және солға 4 реттен бұрамыз.
Сылақшы: бос торкөздерге сандарды жаз
Тура теңсіздіктер шығу үшін бос торкөздерге сандарды жаз.
Әрлеуші: 4·b өрнегінің мәнін тап
Мұндағы b = 1, 2, 5, 8, 9, 0.
Бағбан: 5-ке көбейту кестесін қайталау
Ойын: «Үйдің нөмірін тап»
Оқушылар 5-ке көбейту және бөлу кестесін қолданып, берілген тапсырмалар бойынша «үйдің нөмірін» табады. Ойын мақсаты — жылдамдық пен дәлдікті арттыру.
Қорытынды
Рефлексия сұрақтары
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгін не істедік?
- Қандай есептер шығардық?
- Қандай ойын ойнадық?
Үй тапсырмасы
№8 есеп, 102-бет.
5-ке көбейту кестесін қайталау.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.
Сабақ соңы: қоштасу.