Гүлдерден букет жасау

Мерекелік залдың көрінісі

Зал ерекше әсем безендірілген: ана мен баланың суреттері, түрлі-түсті шарлар ілінген. Қабырғада «Мәпелейді ана — қолындағы құсын» деген жазуы бар плакат көз тартады. Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.

Тәрбиешінің құттықтау сөзі

Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн — көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Шын жүрек, ақ көңілменен,
Алғашқы көктемнің күлімдеген,
Құттықтаймыз 8 наурыз мерекесі —
Халықаралық әйелдер күніменен!

Құрметті аналар! Құрметті балабақша қызметкерлері!
Бүгін сіздерді көптен күткен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Мектепалды даярлық тобының «Мәпелейді ана — қолындағы құсын» атты сайыс-ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Ұлы адамдар: «Сұлулықтың өзіне де көмектесу керек. Көркем нәрсенің өзі, егер кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып отырмаса, ұсқынсыз кейіпке түсуі мүмкін», — деген. Бүгін ардақты, аяулы аналарымыз сайысқа түседі.

(Әділқазылар алқасын сайлау)

Сайыс шарттары

  1. 1

    Шаш үлгісі

    «Әсемдік салоны» (анасымен бірге)

  2. 2

    Өзін-өзі таныстыру

    (бала)

  3. 3

    Гүлдерден букет жасау

    (анасымен бірге)

  4. 4

    Мен анамның көмекшісімін

    (бала)

  5. 5

    Танимын — жазамын, бәрін де білемін

    (бала)

    Қосымша: «Моншақ тізейін» (ана)

  6. 6

    Үй тапсырмасы

    (екеуі бірге)

  7. 7

    Көктемгі коллекция

    (екеуі бірге)

  8. 8

    Өз өнерін көрсету

    (бала)

Сайыскерлерді қарсы алу

О, қазақтың қыздары, ғажап неткен,
Сұлулық пен өнерге қанат біткен.
Паш етті қазағымды күллі әлемге,
Оларға Ай қызығар қарап көктем.

Сайысқа қатысатын ару бүлдіршін қыздарымызды ортаға шақырамыз.

(Сайыскерлерді ортаға есімдерін атап шығару)

1-кезең: «Әсемдік салоны» — шаш үлгісі

Бірінші шарт бойынша аналар балаларымен бірге шаш үлгісін жасап, сән мен ұқыптылықты үйлестіре көрсетеді.

Олжастың арнауы

Аялаған, баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен —
Анамызға мың алғыс!

Адал бол деп балдырған,
Әділдікке баулыған.
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде мархабат —
Анамызға мың алғыс!

Жандостың арнауы

«Ұлым-ұлым» дейсің де,
Ұрысумен ұстайсың.
«Күнім-күнім» дейсің де,
«Үйде отыр» деп қыстайсың.
«Жаным-жаным» дейсің де,
Шапалақтап аласың.
Өкпелемеймін өзіңе,
Әттең, тәтті мамасың!