Қыздар командасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы

Қатынас, таным.

Бөлімдері

Тіл дамыту, көркем әдебиет, математика.

Мақсаты

  • Балаларға жұмбақ туралы түсінік беру, халық ауыз әдебиетінің бір түрімен таныстыру.
  • Ой-өрісін дамыту, тіл байлығын жетілдіру.
  • Оқу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру.
  • Сөздік қорын байытып, сөйлемді дұрыс грамматикалық құрылымда құра білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, қимыл-қозғалыс жаттығуларын көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын.

Билингвалды сыңары

жұмбақ
загадка
ертегі
сказка

Мотивациялық кезең

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық. Балалар «Шаттық шеңберіне» тұрып, қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге —

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге!

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

2 командаға бөліну

  • Ұлдар командасы
  • Қыздар командасы

Жыл мезгілдері бойынша сұрақтар

  • Бір жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл
  • Қазір қай мезгіл? Қыс
  • Қыс қанша айдан тұрады? Желтоқсан, қаңтар, ақпан
  • Қыста қандай мерекелерді атап өттік? 16 желтоқсан, Жаңа жыл

Қыс туралы тақпақ

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша-бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.

Жаңа тақырып: «Жұмбақтар әлемі»

Балалар жұмбақтар әлеміне «саяхат» жасайды: көрме арқылы жыл мезгілдеріне қатысты жұмбақтармен танысады.

Жұмбақ — халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Жұмбақта заттың аты тікелей аталмайды: оны шешу үшін ойланып, жасырылған нысанды табу керек. Шешімге жақындау үшін балалар ұқсас белгілерді салыстырады немесе ерекше сипаттауларға назар аударады.

1-айналым: Ойын — жыл мезгілдері туралы жұмбақтар

Қыздар командасы

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран боп соғады —

Бұл қай кезде болады?

Шешуі: Қыс

Талқылау: Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар? Балалар қардан аққала жасап ойнайды.

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады —

Бұл қай кезде болады?

Шешуі: Көктем

Талқылау: Көктемде қандай мерекелерді атап өтеміз? Аналар мерекесі.

Ұлдар командасы

Күн ысып,

Жеміс-жидек пісіп,

Ел пішенін орады —

Бұл қай кезде болады?

Шешуі: Жаз

Талқылау: Жазда күн ыстық болады, шомылуға барамыз.

Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады —

Бұл қай кезде болады?

Шешуі: Күз

Талқылау: Күзде күн суытады, жапырақ сарғайып түседі, өнім жиналады.

Жұмбақтың шешуін табу — қызық. Ал жұмбақты ойлап табу — одан да қызық. Енді ертегілер еліне саяхат жасайық.

Ертегілер әлемі: жұмбақ арқылы тану

Көрмедегі ертегілер

Бауырсақ, Шалқан, Алладин, Қаңбақ шал, Маугли, Қызыл телпек, Мақта қыз бен Мысық, Алдар көсе, Жеті лақ.

Міндет: екі команда кезекпен, кім жылдам жауап беретінін анықтайды.

Жұмбақ

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.

Шешуі: Бауырсақ

Жұмбақ

Кедей еді бұл бала,

Айы туды оңынан,

Жын шығады керемет,

Сиқырлы оның шамынан.

Шешуі: Алладин

Жұмбақ

Үй жинаған ұқыпты,

Бір қыз бопты ертеде.

Тыңдамаған мысықты,

Салыпты ғой әлекке.

Шешуі: Мақта қыз бен Мысық

Жұмбақ

Джунглиде өскен жасынан,

Епті бала болыпты.

Багира, Балу — достары,

Шерхан — оның қас жауы.

Шешуі: Маугли

Жұмбақ

Кішкене қыз орманға

Жалғыз өзі барады.

Апасына қартайған

Дәмін салып алады.

Шешуі: Қызыл телпек

Жұмбақ

Аяғынан тұсаулап,

Кемпір оны ұстайды.

Желмен ұшар желпілдеп,

Босап кетсе бұл шал.

Шешуі: Қаңбақ шал

Әділқазылар бағасы:

Командалардың жауаптары бағаланады.

2-айналым: «Ғажап сәт» — Жылқы қонаққа келеді

Сабаққа «жылқы» кейіпкері кіріп, балалармен амандасады.

Талқылау сұрақтары

  • Жылқы қандай жануар? Үй жануары
  • Жылқы нелер қатарына жатады? Төрт түлік
  • Биыл қандай жыл? Жылқы жылы

Жылқы туралы мақал-мәтелдер

  • Жылқы еті — шекер, сүті — бал.
  • Жүзден жүйрік шығады, мыңнан тұлпар шығады.
  • Ат айналып қазығын табады, ер айналып елін табады.
  • Бір түлікке бай болғанша, төрт түлікке сай бол.
  • Түйе — малдың қасқасы, жылқы — малдың патшасы.
  • Ер қанаты — ат.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер»

Мақсаты: қыста ауырмау үшін жемістер мен көкөністерді көбірек жеудің маңызын түсіндіру; олардың пішінін, түр-түсін атау. Балалар ойынға белсенді қатысып, пішінін, түр-түсін атап, үш тілде санап шығады.

3-айналым: «Ойлы болсаң, озып көр»

Тәрбиеші тақпақтың басын айтады, балалар ойланып жалғастырады.

Тақпақ жолдары

  • Сиыр сүйеді баласын — торпағым деп.
  • Жылқы сүйеді баласын — құлыным деп.
  • Қой сүйеді баласын — қоңырым деп.
  • Ешкі сүйеді баласын — лағым деп.

Жалғастыру үлгілері

  • Қараңғыға баспаған — қорқағым деп.
  • Тұлпар болып жүгірер — жүйрігім деп.
  • Ештеңені білмейтін — момыным деп.
  • Тастан-тасқа секірген — шұнағым деп.

Әділқазылар бағасы:

Ойынды жалғастыру дәлдігі мен белсенділік ескеріледі.

4-айналым: Командалық сайыс — жұмбақ жасыру

Екі топ бір-біріне білетін жұмбақтарын жарыса жасырады. Соңында ертегі кейіпкерлері қатысатын тапсырмалар орындалады (мысалы, «Жыл басына таласқан хайуанаттар» және «Бауырсақ» ертегілері бойынша).

Қыздар командасы

Үстінде қос қорабы,

Мінсең көлік болады.

Жақындасаң қасына,

Қорқытады баланы.

Шешуі: Түйе

Адамға серік,

Күзетке берік.

Шешуі: Ит

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Шешуі: Қой

Төрт бұлағы — сүт,

Баққанға ол — құт.

Шешуі: Жылқы

Ұлдар командасы

Өзі бір қу,

Жүрген жері — айқай-шу.

Шешуі: Түлкі

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім,

Домалап шықты алдымнан.

Шешуі: Бауырсақ

Әділқазылар бағасы:

Сайыс нәтижесі қорытындыланады.

Рефлексия және қорытынды

Әділқазылар екі команданың да тең дәрежеде өнер көрсеткенін атап өтеді.

Сабақ барысында балалар «жұмбақтар әлемімен» танысып, жұмбақтың шешуін табудың қызықты екенін, ал оны ойлап табудың бұдан да қызықты екенін түсінеді.

Белсенді қатысқан балалар мадақталып, әр бала жұлдыз болуға лайық екені айтылады. Бағалау жұлдызшалар арқылы жүргізіледі. Балалар алған жұлдызшаларына қуанып, әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже

Қалыптасады

  • Ұқыптылық
  • Шыдамдылық
  • Ептілік

Білуі керек

  • Жұмбақ — халық ауыз әдебиетінің бір түрі екенін.
  • Жұмбақтардың мазмұны бойынша кейіпкерлерді тануды.
  • Кейіпкерлердің қай ертегіден екенін ажыратуды.

Істей алуы

  • Сұрақтарға толық жауап беру.
  • Жұмбақтардың шешуін дұрыс табу.
  • Ертегі кейіпкерлерін пайдаланып қысқа құрастыру жұмыстарын орындау.