Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылуГигиенаАяқтан шығатын жағымсыз иісті бактериялар туғызады, Бактерияның жылы әрі ылғалды ортада белсенділігі артады

Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу

Аяқтан шығатын жағымсыз иісті көбіне бактериялар туғызады. Олар жылы әрі ылғалды ортада белсенді көбейеді. Аяқтың терлеуіне жиі жағдайда сапасы төмен шұлық пен сапасыз аяқ киім себеп болады. Сондықтан синтетикалық шұлық пен кроссовканы шамадан тыс көп кимеген жөн. Тершең аяқты таза ұстамасаңыз, саусақ арасында саңырауқұлақ (грибок) пайда болуы мүмкін.

Негізгі мақсат

Аяқты құрғақ ұстау, бактериялардың көбеюіне жол бермеу және дұрыс күтім әдетін қалыптастыру.

Күнделікті гигиена

  • Аяғыңызды күн сайын жуыңыз. Саусақ араларын және табанды мұқият жуыңыз.

  • Жуғаннан кейін жұмсақ орамалмен толық құрғатып сүртіңіз, әсіресе саусақ араларын.

  • Антибактериалды сабынды қолданған дұрыс.

Шұлықты дұрыс таңдау

Шұлық аяққа жайлы болып, ауаны жақсы өткізгені маңызды. Ең қолайлысы — таза мақтадан немесе жүннен тігілген шұлық.

Ереже: шұлықты күнде ауыстырыңыз — бір күнде бір жұп шұлық киген дұрыс.

Аяқ киім: материал және ауа өткізгіштік

Сапалы аяқ киім таңдаңыз және ауа өткізу қабілетіне назар аударыңыз. Жылы кезде ашық шлепкалар немесе тесіктері бар жаздық мокасиндер қолайлы. Суық мезгілде табиғи былғарыдан тігілген аяқ киім түрлерін таңдаған жөн. Жасанды былғары мен резеңке материалдардан мүмкіндігінше бас тартыңыз.

Спорттық аяқ киім күтімі

Спорттық аяқ киім көбіне жұмсақ материалдан жасалатындықтан, көп жағдайда жууға болады. Аяқ киімді жиі жуып, міндетті түрде жақсылап кептіріңіз.

Аяқ киімді ауыстырып кию

Бір аяқ киімді күнде кие бермеңіз. Ауыстырып киетін бірнеше аяқ киім болғаны дұрыс. Тер сіңген аяқ киімді сүртіп тазалап, таза ауаға және жарық жерге шығарып кептіріңіз. Сол уақытта басқа аяқ киімді киюге болады.

Диетаға назар аудару

Құрамында сарымсақ, пияз және қызыл бұрышы көп тағамдарды шамадан тыс тұтынбаған дұрыс. Бұл өнімдер қанға тез сіңіп, тер иісін өткірлетуі мүмкін.

Пайдалы құралдар

Жағымсыз иісті азайту үшін арнайы иіс болдырмайтын құралдарды қолдануға болады: косметикалық және фармацевтикалық өнімдер немесе үй жағдайында дайындалған тәсілдер.

Антиперспиранттар

Көпшілік білмеуі мүмкін: қолтыққа арналған кейбір антиперспиранттарды аяқ саусақтарының арасына және табанға да қолдануға болады. Дегенмен, заттаңбасын мұқият оқыңыз. Дезодорант негізінен бактерияға қарсы әсер береді, ал антиперспирант тер бөлінуді де азайтып, иіске себеп болатын микроорганизмдердің белсенділігін төмендетеді.

Тальк (минерал ұлпа)

Құрамында тальк бар аяққа және аяқ киімге арналған арнайы ұнтақ ылғалдың алдын алуға көмектеседі. Ол бактериялардың өсуіне қолайсыз орта қалыптастырады. Бағасы да қолжетімді.

Теймуров пастасы

Теймуров пастасы — тек косметикалық өнім емес: құрамында тершеңдікке қарсы әсер ететін дәрілік компоненттер бар. Бағасы арзан, нәтижесі жиі жағдайда тез байқалады. Пастаны тек таза әрі құрғақ табанға жағыңыз.

Дайындаған: Жадыра

Пайдалы кеңесіңіз болса, пікір ретінде қалдырыңыз — сайтта жарияланады.