Мынау ненің суреті

Оқу-танымдық бағыт

Бұл материал мектепалды даярлық тобында «Біздің Отанымыз – Қазақстан» тақырыбын таныстыруға, балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін күшейтуге және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге бағытталған.

Мақсаты

Оқушыларды өз елі мен туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу; ұқыптылық пен тазалыққа баулу.

Білімділік

Туған жер туралы түсінікті кеңейту және мемлекеттік рәміздердің мәнін таныту.

Дамытушылық

Негізгі идеяларды сипаттай отырып, балалардың сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге ынталандыру.

Тәрбиелік

Өз халқын, Отанын, туған жерін құрметтеуге және бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Буклеттер
  • Жазулар (тақырыптық плакаттар)

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталады.

2) Әңгімелесу және сұрақ-жауап

Сұрақ: Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
Жауап: Қазақстанда.

Сұрақ: Биыл Тәуелсіздікке неше жыл толады?
Жауап: 20 жыл.

Сұрақ: Біздің бас қаламыз қай қала?
Жауап: Астана.

Сұрақ: Астанадан қандай нысандарды білесіңдер?
Жауап: Бәйтерек.

Сұрақ: Қазақстанды кім басқарады?
Жауап: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

3) Мемлекеттік рәміздер

Балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері таныстырылады: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Сұрақ: Тудың түсі қандай?
Жауап: Көгілдір.

Хор: «Атамекен»

4) Өлеңдер бөлімі

Дильназ: «Қазақстан байрағы»

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жылдарымыз жайдары.

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

Ерсұлтан

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Кім Отан туралы тақпақ айтады?

Назар: «Қазақстан — менің Отаным»

Асыл өлкем ерекше,

Қазақстан – мекенім!

Бәріне белгілі емес пе,

Сенің ғажап екенің!

Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбірейді көк туың,

Төбемізде мәңгілік!

Айбар: «Отан»

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлкең, Отан – жыр,

Көтерген көпке ел даңқын.

Бәрі

«Әрқашан күн сөнбесін»

5) Мақал-мәтелдер

Туған жер мен Отан туралы мақал-мәтелдерді бірге айтамыз:

  1. Туған жердің туын тік.
  2. Отан – отбасынан басталады.
  3. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
  4. Отан – оттан да ыстық.

Тәуелсіздік рухы: Желтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасына қысқаша тоқталамыз. 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған көтерілісте ерлік танытқан аға-әпкелеріміздің есімдері құрметпен аталады. Бұл оқиғаның құрбандары қатарында: Сәбира (жерлесіміз, Ақмектеп ауылының тумасы), Қайрат, Ербол, Ләззат.

Ақпарат

Өңір
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы
Елді мекен
Қазақстан ауылы
Білім беру ұйымы
«Қазақстан бастауыш мектебі», мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші
Кадирова Мархаббат Бакыткановна

Материалдың толық нұсқасын жүктеу бөлімі көрсетілуі мүмкін (платформа талаптарына сәйкес).