Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Сабақ туралы мәлімет
- Тақырып
- 7 саны және цифры (слайдпен)
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша және жазбаша жұмыс
- Көрнекіліктер
- Оқулық, үлестірмелі карточкалар, сызба, интерактивті тақта
- Пән байланысы
- Дүниетану, әдебиеттік оқу
Мақсаттары
Білімдік
Оқушыларды 7 санымен және цифрымен таныстыру; 7 санының құрамын анықтау; өрнек құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық
Ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін және оқу қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ұқыптылыққа және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
II. Психологиялық дайындық
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Жауабын таппай қоймайық.
III. Жаңа сабақ
Ассоциация (слайд арқылы)
Бала қолында не ұстап тұр? Шалғы. Шалғының пішініне назар аударайық: ол 7 санына ұқсайды.
Қысқа тілдік жаттығу
Өткір шалғы ғой.
Шалғыңды ал да, ора ғой.
7 саны — киелі ұғым
Қазақ мәдениетінде 7 саны киелі сан ретінде құрметтеледі. Оны түрлі ұғымдармен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпқа қызығушылық тудырамыз.
Қазына — мол байлық. Бұл ұғымды математикада 7 санымен байланыстыра отырып, бүгінгі сабақта 7 санымен және цифрымен танысамыз.
1-слайд
1-қазына — Жүйрік ат
«Ер қанаты — ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік ішінде жылқыны ерекше бағалаған: етін, қазы-қартаcын тағам еткен, қымызын ішкен, терісін тұрмыста пайдаланған.
Жау шапқанда, атқа мініп, елін қорғауға шыққан. Осы мазмұн арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейте отырып, сан ұғымын бекітеміз.
Тапсырмалар
- 1-ден 10-ға дейін сандарды тура және кері санау.
- Сандардың ішінен 7 санын көрсету.
- 7 санының көршілерін атау.
Тура санау
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Кері санау
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
2-слайд
2-қазына — Алғыр тазы
Тазы — иттің бір тұқымы. Ата-бабаларымыз тазыны аң аулауға пайдаланған. Ол шапшаң, жеңіл, сымбатты келеді, аңға өте алғыр.
Тазымен қасқыр, түлкі, қарсақ ұстаған. Ит адамға қолғанат болып, малды да күзеткен.
Жұмыс дәптермен
- 7 санын көркем жазу үлгісімен жазу.
- №1: теңдіктер құрастырып, дәптерге жазу.