Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде
Сабақ жоспары (6-сынып)
Тақырып
Әдептен озбайық
Құндылық
Дұрыс әрекет
Қасиеттер
- Ризашылық
- Қамқорлық
- Еңбекқорлық
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға әдептілік туралы түсінік бере отырып, «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері
-
Білімділік
Әдептілік пен ризашылық ұғымдары туралы түсінік беру.
-
Дамытушылық
Оқушыларды әдепті, ибалы болуға үйретіп, қамқорлық қасиетін дамыту.
-
Тәрбиелік
Оқушыларды ризашылыққа, қамқорлыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
«5-Т» ережесі
Талап
Тәртіп
Тыныштық
Татулық
Тазалық
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Оқушыларға денені түзу ұстап, тынысқа назар аударып, көзді жұмып, ішкі тыныштыққа көңіл бөлу ұсынылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолды айқастырмаңыздар. Қолды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай баяу жылжып келеді. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі бар. Ол нұрдың әсерімен жайлап ашылып, балғын әрі таза гүлге айналады. Бұл гүл ойыңызды, сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілегіңізді тазалап, жүрегіңізді ашқандай болады.
Нұр сәулесі бүкіл бойыңызға тарасын. Ол біртіндеп күшейеді. Оймен нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашсын. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасасын және баршаға көмектессін.
Нұр аяқтарыңызға тарасын: аяқтарыңыз сәуле шашып, сізді тек жақсылық жасауға жетелейтін жерлерге апарсын. Олар нұр мен махаббаттың құралына айналсын.
Нұр аузыңызға, тіліңізге тарасын: тіліңіз тек шындықты, жақсы әрі ізгі сөздерді айтсын.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлағыңыз тек жақсы сөзді, әсем әуенді ғана естісін. Нұр көздеріңізге де жетсін: көзіңіз тек жақсыны көріп, әр нәрседен жақсылықты байқай алсын.
Басыңыз түгел нұрға бөленсін: санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келсін. Нұр күшейіп, бойыңыздан асып, айналаңызға сәуле шашсын.
Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да нұр жолдаңыз: олардың жүрегі де нұрға толсын.
Нұр бүкіл әлемге тарасын: кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тіршілікке жетсін. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен — Нұрмын…»
Осы нұр, махаббат және тыныштық күйінде біраз отырыңыз. Енді нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы әлем жүрегіңізде. Осы әсем қалыпты сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Сұрақ
Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар?
2) Үй тапсырмасын тексеру
М. Мақатаев — «Көшеде»
3–4 оқушы М. Мақатаевтың «Көшеде» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Талқылау сұрақтары
- Ақын адамдар арасындағы қандай ізгі қарым-қатынасты көрсеткісі келді?
- «Ізеттілік», «ілтипат» сөздерін қалай түсінесіздер?
- Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- Өздеріңіз әдептілік танытқан сәттеріңізді еске түсіре аласыздар ма?
3) Дәйексөз
Халық даналығы
«Әдептіліктің белгісі — иіліп сәлем бергені.»
Тапсырма
- Дәйексөздің мағынасын талқылау.
- Ұлдар — екі рет қайталап айтады.
- Қыздар — екі рет хормен айтады.
- Дәптерге дәйексөзді жазып алу.
4) Әңгімелеу
Өсиет әңгіме
«Екі қасқыр»
Ертеректе қариялар ес біле бастаған немерелеріне аңыз-әңгімелер мен ертегілер айтып беретін. Бір күні бір қария немересін жанына отырғызып: «Балам, саған өмір туралы бір аңыз айтып берейін», — дейді.
«Адам бойында екі қасқыр болады. Бірі — қызғаныш пен көреалмаушылық, екіншісі — сабырлылық пен ұстамдылық. Олар өмір бойы бір-бірімен арпалысады», — дейді.
Немересі: «Ата, сонда қай қасқыр жеңеді?» — деп сұрайды. Атасы сәл ойланып, сақалын сипап: «Қайсысын көбірек қоректендірсең — сол жеңеді», — деп жауап береді.
Сұрақтар
- Осы өсиет әңгімеден қандай ой түюге болады?
- Қандай қасиетті өз бойларыңызға дарытқыңыз келеді?
- Өмірде көреалмайтын, қызғаншақ адамдар кездесе ме?
Қосымша
Бейнеролик: «Адам бойындағы жақсы құндылықтар»
5) Шығармашылық жұмыс
1-топ
«Әдепті бала — көпке үлгі»
Тақырып бойынша көрініс көрсету.
2-топ
«Мен әдепті баламын»
Тақырып бойынша өлең шығару.
3-топ
Мақал-мәтелдер
Әдептілікке қатысты мақал-мәтелдер жазу.
6) Топпен ән айту
«Мейірімді болайықшы, ағайын» — Қ. Маханов
7) Үй тапсырмасы
Оқулықтың 34-бетіндегі «Бір атаның балалары» мәтінін оқып келу.
Кері байланыс: «Мәдениет үйі»
Қима қағаздар мен гүлшелерге сабақтан не түсінгендерін және сабақтың ұнаған-ұнамағанын жазып, «мәдениет үйін» құрастырады.
8) Соңғы тыныштық сәті
Сабақтан үйренген жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Сау болыңыздар.
Мәлімет
- Мектеп
- Сам орта мектебі (ММ)
- Мұғалім
- Булакбаева Гүлсім
- Ескертпе
- Толық нұсқасын жүктеу