Пайдалы қазба түрлері бойынша сызбаны толтыру

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№1 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Ахетова Ақзира Төлеужанқызы

Сабақтың тақырыбы

Топырақтың ерекшелігі мен құрамы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру, топырақтың маңызын ұғындыру.

Дамытушылық

Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін және пәнге қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Көрнекілігі

  • Тірек сызбалар
  • Бейнетаспа
  • Суреттер
  • Венн диаграммасы
  • Қима тапсырмалар

Түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

Топтастыру Түсіндіру «Түртіп алу» стратегиясы Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  2. 2 Кезекшілік мәліметін тыңдау.
  3. 3 Психологиялық дайындық.
  4. 4 Зейінді сабаққа аудару.

Психологиялық тренинг

Туған жер, топырағыңнан нәр аламын,

Көркіңе, келбетіңе таң қаламын.

Кең далам, айдын-шалқар көл мен өзен,

Қалаймын мөлдіреп, кір шалмағанын.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге: «Пайдалы қазба түрлері» және «Қазбаларды қорғау» мәтіндерін оқып, меңгеріп келу; тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беру; кестені толтыру тапсырылған.

Тапсырмалар топ бойынша тексеріледі.

I топ

«Пайдалы қазба түрлері» бойынша сызбаны толтыру.

Негізгі ой

Топырақ — табиғаттың құнды байлығы. Оны танып-білу, құрамын түсіну және қорғау — әр оқушының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі.