Қарды сипаттап жазу
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Қар қандай? Дыбыс пен әріп.
Сабақтың түрі
Жаңа мағынаны тану.
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері.
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Парақшалар
- Ертегі кейіпкерлері
- Жұмыс дәптері
Сабақтың мақсаттары
1) Білімдік
- Ертегінің идеясын ашу, мәтін мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасау.
- Дыбыс пен әріпті ажыратуға дағдыландыру.
- Өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға төселдіру; қыс мезгілі және қыстағы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың көркем әрі дұрыс байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Өз ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
- Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
- Табиғатқа ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Табиғатты қорғауға және сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, назарды сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ
«Бұл қай кезде болады?»
Тапсырма
Жатқа айту, 13-жаттығу.
3) Қызығушылықты ояту
Тапсырма 1
Берілген дыбыстардан сөз құрастыр.
- Дыбыстар: Р, Қ, А
- Дыбыстар: А, Л, А, Қ
- Дыбыстар: К, Е, М, П, Т, Е
- Дыбыстар: С, Қ, Ы
- Дыбыстар: О, Қ, Ш, У, Ы
Тапсырма 2
Жаңылтпашты мәнерлеп оқы.
Бұл қар — сұр қар.
Сұр қар — кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
Талқылау
Жаңылтпаш не туралы?
Сұрақ
Қардың қандай түрлері бар?
Тілдік мақсат
«Қар» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар? Дыбысты не істейміз, әріпті не істейміз?
Еске түсіру: дыбысты естиміз және айтамыз, ал әріпті көреміз және жазамыз.
4) Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқу.
- Мазмұнын талдау және сұрақтарға жауап беру.
Топтастыру
Ертегі кейіпкерлері өз теңеулерін топтастырады: «Қар қандай?»
Сергіту сәті
Табиғат ғажайыптары
- Күн шайдай ашық.
- Таза ауада еркін серуендейміз.
- Қар ұшқындап тұр.
- Ұлпа қар лезде еріп кетті.
- Қар себелеп, біртіндеп күшейе түсті.
- Жел тұрды.
- Қатты боранға айналды.
- Бір мезетте боран басылып, күн қайта шайдай ашылды.
5) Ой толғаныс
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу, 15-жаттығу. Төмендегі жолдарды жатқа жазу:
Қырда қырау,
Қызыл ала бұзау.
Ойын
«Қай әріпті жоғалттым?» — сөздерден түсіп қалған әріпті тап.
Топтық жұмыс
І топ
3 дыбыстан және 3 әріптен тұратын сөздер құрастыру.
ІІ топ
4 дыбыстан және 4 әріптен тұратын сөздер құрастыру.
ІІІ топ
5 дыбыстан және 5 әріптен тұратын сөздер құрастыру.
6) Үйге тапсырма
Қарды сипаттап жазу: түсі, түрі, қасиеті және қыстағы табиғаттағы көрінісі туралы қысқаша мәтін құрастыру.
7) Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, мәтінді түсінуіне, дыбыс пен әріпті ажыратуына және топтық жұмыстағы белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.
Оқу
Мәнерлеп оқу, түсіну
Тіл
Дыбыс пен әріпті ажырату
Қатысу
Топтық жұмыс, жауап беру