Өлеңнен жіктеу есімдіктерін табыңдар
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Жіктеу есімдігі (5-сынып)
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы
Сабақтың типі
Жаңа ұғымды меңгерту
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, талдау, ой толғау, ойын әдісі
Көрнекілік
Интерактивті тақта, географиялық карта
Пәнаралық байланыс
Ағылшын тілі, орыс тілі, ән
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Жіктеу есімдіктерін түсіндіру, мәтін ішінен ажыратуға және сөздерді жіктей білуге үйрету.
Тәрбиелік
Саяхат сабақ форматы арқылы туған жерді құрметтеуге, сүйе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ақыл-ойын, сана-сезімін дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
- Назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
- Сан есім қандай сөз табы?
- Сан есімнің мағыналық түрлерін атаңдар.
- Есептік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім дегеніміз не?
- Жинақтық сан есім дегеніміз не?
- Есімдік қандай сөз табы?
- Есімдіктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
III. Жаңа сабақ
Үш жақтың бірін көрсету үшін қолданылатын есімдіктер жіктеу есімдіктері деп аталады.
Жекеше түрі
- I жақ: Мен
- II жақ: Сен, сіз
- III жақ: Ол
Көпше түрі
- I жақ: Біз, біздер
- II жақ: Сендер, сіздер
- III жақ: Олар
Мысал
Олар өзенге шомылуға барды.
Жіктеу есімдіктерінің септелуі
Жіктеу есімдіктері септеледі (мысал: мен, сен, ол).
Ілік
менің, сенің, оның
Барыс
маған, саған, оған
Табыс
мені, сені, оны
Жатыс
менде, сенде, онда
Шығыс
менен, сенен, одан
Көмектес
менімен, сенімен, онымен
IV. Практикалық дағды кезеңі: «Астанаға саяхат»
Оқушылар тапсырмаларды Астанаға саяхат жасау арқылы орындайды: саяхат басталған қаланы картадан көрсетіп, оның географиялық ерекшеліктері туралы қысқаша мәлімет береді.
Атырауға саяхат
1-тапсырма
Ауызша жұмыс
Мына сөздерді ауызша жіктеңдер: білімді, талапты, айбынды.
1-жаттығу
Өлеңді оқып, жіктеу есімдіктерін табыңдар және жақтарын анықтаңдар: ол, сен, мен.
Ақтөбеге саяхат
2-тапсырма
Үзінді
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Сұрақ: Өлең қай ақынның қай шығармасынан алынған? Өлеңнен жіктеу есімдіктерін табыңдар.
2-жаттығу
Жіктеу есімдіктерінің астын сызып, мағынасын түсіндіріңдер: сен, оны, ол.
Қостанайға саяхат
Ойын және мақал-мәтел
Басқатырғы
Ойын тапсырмалары (мұғалім ұсынған нұсқа бойынша).
«Мәтел не дейді?»
- «Білмеймін» деме — «Үйренейін» де.
- Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
- Сыйласаң — сый көресің.
Астанаға саяхат
3-жаттығу
Өлең шумағындағы жіктеу есімдіктерін тауып, септеңдер.
Гүлдеймін бірге, гүлдейтін болсаң сен,
Көгерем бірге, көктемде өзің көгерсең.
Сенімен бірге селге де қарсы тұрам мен,
Сенімен көремін мен де не көрсем!
V. Бекіту
Шығармашылық жұмыс: «Біз — елдің болашағымыз» тақырыбында ой толғау жазу.
VI. Қорытынды
Бұл сабақта жіктеу есімдіктерін меңгере отырып, Астана қаласына бағытталған «саяхат» жасадық. Әр қаладағы тапсырмалар арқылы сөздерді жіктеуді үйреніп, өңірлердің географиясымен де таныстық.
VII. Үйге тапсырма
«Соғыс болмасын! Бейбітшілік жасасын!» тақырыбында ой-эссе жазыңдар.
VIII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және шығармашылық жұмысы бойынша бағаланады.