Сөздік жұмысы

Сабақтың тақырыбы

Астана — бас қала.

Мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
  • Дамытушылық: алған білімдерін толықтыру, сөйлеу тілін дамыту.
  • Тәрбиелік: Отанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, қаламызды сүюге баулу.

Сабақ жоспары

  1. 1. Ұйымдастыру
  2. 2. Ой шақыру: сөзжұмбақ шешу
  3. 3. Астана туралы фотоальбом көру
  4. 4. Мәтінмен жұмыс
  5. 5. Сөздік жұмысы
  6. 6. Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырмалар
  7. 7. «Шын немесе жалған»
  8. 8. Сергіту сәті
  9. 9. Қорытындылау: бес жолды өлең
  10. 10. Үй тапсырмасы
  11. 11. Бағалау

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Әдісі

Баяндау, сұрақ-жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, компьютер, мәтін, слайдтар, ән айту, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, музыка.

Эпиграф

«Астана — жаңа қала, арман қала…»

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Әнұран айту.
  • Сұрақтар: «Бүгін нешесі?», «Аптаның қай күні?»

II. Ой шақыру: сөзжұмбақ

Сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешіледі. Оқушылар берілген сөздерді қазақ тіліне аударады. Нәтижесінде шыққан сөз: «Астана».

III. Астана туралы фотоальбом

«Астана десе ойларыңа не түседі?»

«Қаланы аралап көргілерің келе ме?»

Оқушыларға виртуалды саяхат ұсынылады, кейін көргенін мәтін арқылы толықтыруға бағыт беріледі.

IV. Мәтінмен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу және аудару.

Мәтін

Астана — жас қала

Астана — Қазақстанның жаңа астанасы. Ол Солтүстік Қазақстандағы Ақмола облысында орналасқан. Жазы салқын, қысы суық. Мұнда өндіріс орындары көп. Қала үлкен әрі әдемі. Жаңа, сәулетті ғимараттар мен ықшам аудандар салынып жатыр. Астанаға қонақтар жиі келеді.

Сөздік және бекіту

V. Сөздік жұмысы

орналасқан
расположен
өндіріс
промышленность
ғимарат
здание
ықшамаудан
микрорайон
қонақ
гость

Тапсырма: сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру (тақтаға жазу).

Ой қорыту: 7 сұрақ

  1. Қазақстанның астанасы қай қала?
  2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
  3. Оның жазы мен қысы қандай?
  4. Онда нелер көп?
  5. Қала қандай?
  6. Қалада нелер салынып жатыр?
  7. Астанаға кімдер көп келеді?

Дәптермен жұмыс және грамматика

III деңгей

1-тапсырма: сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз тіркесін тап.

  • новая столица — жаңа астана
  • расположен — орналасқан
  • гости — қонақтар
  • промышленность — өндіріс
  • здания — ғимараттар
  • кәсіпорын — өндіріс орны

II деңгей

2-тапсырма: дұрыс сөйлем құрастыр.

  1. Астана — жас қала.
  2. Астана Ақмола облысында орналасқан.
  3. Астанада өндіріс орындары көп.
  4. Астанаға қонақтар көп келеді.

I деңгей

Астана туралы шағын әңгіме құрастыр.

Грамматикалық материал (қайталау)

  • Қазақ тілінде неше септік бар? Атап шық. Бір сөзді септе.
  • Тәуелдік жалғауларын айт. Мысал келтір.

Топтық жұмыс: берілген сөздерді септе.

  • 1-топ: үй, автобус
  • 2-топ: кітап, сөмке

2-тапсырма: берілген сөздерді тәуелде.

  • 1-топ: Отан, ел
  • 2-топ: Астана, жер

Ойын, сергіту және қорытынды

VII. «Дұрыс па, бұрыс па?»

  1. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы — Көкшетау. (…)
  2. Астана — болашағы зор қала. (…)
  3. Менің қалам онша үлкен емес, бірақ өте әдемі. (…)
  4. Қалаға көп қонақ келмейді. (…)
  5. Мен Көкшетау қаласында тұрамын. (…)

VIII. Сергіту сәті

Оң жаққа, оң жаққа — алға бір адым басамыз.

Сол жаққа, сол жаққа — артқа бір адым басамыз.

Биікке қараймыз — орнымызды табамыз.

Төменге қараймыз.

IX. Қорытынды: «Бес жолды өлең»

1) Зат есім

Астана

2) Екі сын есім

әдемі, жаңа

3) Үш етістік

гүлденеді, дамиды, өзгереді

4) Төрт сөзді сөйлем

Астана — жаңа жас қала

5) Синоним

Елорда

X–XI. Үй тапсырмасы және бағалау

  • Үйге: «Астана» мәтінін мазмұндау.
  • Қосымша: фотоальбом жасау.
  • Бағалау: оқушылардың жұмысына қорытынды баға қою.