Қазақша рефераттар

Қадыр Мырза ӘлиТыныштықТып - тыныш боп тұратындай әманда, Тыныштықты ұқпай қалдым табанда

Қадыр Мырза Әли

Тыныштық
Тып - тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,
Суретке бір түсетұғын адамдай

Қайран дала көпті көрген кәртамыс
Қалғып - мүлгіп,
Қалғып - мүлгіп тұр, таныс!
Жаратылыс жаратылыс болғалы
Жер бетінде болмағандай арпалыс!

Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?
Тым - тырыс - ау,
Тым - тырыс - ау бұл түні.
Тыныштықтың құрсағында осындай
Тентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!