Ішіне - сыртына стратегиясы
Сабақтың тақырыбы
Интернеттен ақпарат іздеу
Мақсаты
- Интернет желілерімен жұмыс істеу технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін түсіндіру.
- Ақпарат іздеу және нәтижені рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
- Интернет желілерінің құрылуы және жұмыс істеу қағидалары туралы мәлімет беру.
- АКТ мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
- Интернетті тиімді қолдану арқылы ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
Ұйымдастыру деректері
- Көрнекілік
- Компьютер, кітап-журналдар, слайдтағы тапсырмалар.
- Сабақтың әдісі
- Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың құрылымы
- I Ұйымдастыру
- II Ой шақыру (қызығушылықты ояту)
- III Жаңа білімді игеру
- IV Ептілік кезеңі (шығармашылық жұмыс)
- V Сергіту кезеңі: «Кім жылдам» ойыны
- VI Электронды оқулықпен жұмыс
- VII «Ішіне – сыртына» стратегиясы
- VIII Бекіту және қорытындылау
- IX «Бұл кімнің сөзі?»
- X Үй тапсырмасы және бағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Түгендеу.
- Сабаққа даярлығын тексеру.
II. Ой шақыру (қызығушылықты ояту)
Жасырылған сөзді табу үшін блиц-сұрақтарға жауап берейік:
- Хаттама (протокол) дегеніміз не?
- Желі түрлерін атаңыз.
- Телеконференция дегеніміз не?
- WWW терминінің түсіндірмесі қандай?
- Электрондық поштаны ұйымдастыру принциптері қандай?
- Гипербайланыс дегеніміз не?
- Гипербайланыс қалай жүзеге асады?
- ДК-ны желімен байланыстыру үшін қандай құрал қажет?
Интернет туралы бастапқы түсініктерді анықтау үшін ассоциация құрастырамыз.
III. Жаңа білімді игеру (негізгі ұғымдар)
Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағын қамтитын желілер ғаламдық желі деп аталады.
Интернет — миллиондаған компьютерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізуге және түрлі тәсілдер арқылы байланыс жасауға мүмкіндік беретін әлемдегі ең үлкен әрі ең танымал желі.
IV. Жаңа түсінікті тексеру (іскерлік тапсырмалар)
Тақырып: «Интернет — жаңа білім негізі»
I деңгей
- WEB құжаттармен жұмыс жасау.
- ҰБТ-ға қатысты ақпаратты іздеу.
- Табылған нәтижені компьютерге жүктеу.
- «ҰБТ туралы мәлімет» атауымен сақтау.
- Осы тақырып бойынша презентация дайындап, сақтау.
II деңгей
- Іздеу жүйесін іске қосу (жүктеу).
- www.google сайтын үй беті (homepage) ретінде орнату.
- Ақпараттық технологиялар туралы мәлімет іздеу.
- Мәліметті оқып, танысып, компьютерде сызба (схема) дайындау.
- Жұмыс нәтижесін «11сынып» қапшығында сақтау.
V. Сергіту кезеңі: «Кім жылдам» ойыны
Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз. Жауап дұрыс болса — фигура жасыл, қате болса — қызыл түске боялады.
1) http://www.yandex.../vtdbear.htm адресіндегі vtdbear.htm нені білдіреді?
- a) Хаттаманы
- b) Компьютер атын
- c) Web бетін
- d) Файл атын
- e) Қапшық атын
2) Графикалық файлдардың кеңейтілімі:
- a) html
- b) gif
- c) avi
- d) mov
- e) mid
3) MS Internet Explorer браузерінің мүмкіндігіне жатады:
- a) Электрондық пошта қызметін пайдалану
- b) Құжаттарды түрлендіру
- c) Бір мезгілде бір тереземен жұмыс істеу
- d) Бұрын қаралған құжатқа кері оралу
- e) Ағымдағы беттен ақпарат іздемеу
4) 1966 жылы жұмысын бастаған сайт:
- a) www.rambler.ru
- b) www.google.com
- c) www.yandex.ru
- d) www.yahoo.com
- e) Дұрыс жауабы жоқ
VI. «Ішіне – сыртына» стратегиясы
Берілген сөздердің ішінен «Интернеттен ақпарат іздеу» тақырыбына қатысты сөздерді «Ішіне», ал мүлде қатысы жоқтарын «Сыртына» бөліп жазыңыз.
Сөздер тізімі
Веб құжат, URL, файлдық, информатика, принтер, желілік қоршау, ресурс, амалдық жүйе, каталог, браузер, компьютерлік вирус, детектор, интерфейс, күрделі индекс, ревизорлар.
Ішіне
Сыртына
VII. Бекіту және қорытындылау
Электронды оқулықпен жұмыс: негізгі ұғымдарды қайталау және қысқа тапсырмалар орындау.
VIII. «Бұл кімнің сөзі?»
«Интернет — ақпараттық магистраль» деген сөздің авторын анықтап, сол тұлға туралы қысқаша мәлімет беріңіз.
Жауабы: Билл Гейтс
Билл Гейтс және Microsoft
Билл Гейтс 1955 жылы қазан айында Сиэтл қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы бағдарламасын жазды. 1975 жылы Билл Гейтс пен Пол Аллен университетті бітірулеріне екі жыл қалғанда Microsoft компаниясын құрды. Бастапқы кезеңде Билл бағдарламалау ісімен белсенді айналысып, кейін компанияның дамуына бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдады. Осылайша Microsoft ірі технологиялық компанияға айналды.
IX. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- Материалды қайталау.
- 3.2 тақырып бойынша: «Жаңа ғасыр тапқырлары» тақырыбына рефератқа ақпарат іздеу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағаланады.