Адасқан нысандар VII кезең

Ұйымдастыру мәліметі

Өңір

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Жанай ауылы

Білім беру ұйымы

«Жанай орта мектеп-бақша» КММ

Пән мұғалімі

География-биология пәндері мұғалімі — Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы

Мақсаты

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ізденушілік қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Әділқазылар алқасы

  • Мектеп директоры

    Сәуле Сембайқызы

  • Оқу ісінің меңгерушісі

    Арайгүл Санқайбайқызы

  • Математика пәні мұғалімі

    Тұрған Жақыпқызы

Кіріспе

«Тек сәттілік! Қатысыңдар сайысқа.
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда.
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?»

Осы ұранмен интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.

Сайыс кезеңдері

  1. I

    «Кел, танысайық»

    Топ басшылары топтың атауы, ұраны және төсбелгісі бойынша таныстырады. Таныстыру сапасына қарай ұпай беріледі.

  2. II

    «Кім жылдам?»

    Тақырыптар бойынша ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға дұрыс жауап берген сайын ұпай қосылады.

  3. III

    а) «Географиялық пошта» ә) «Ойлы болсаң озып көр» (жұмбақтар)

    Топ басшылары жеміске қатысты қысқаша таныстырылым жасайды; қалған қатысушылар жұмбақтар шешеді.

  4. IV

    «Жанды сұрақ» (видеосұрақ)

    Видео арқылы берілген сұрақтарға жауап беру.

  5. V

    «Ситуациялық сұрақтар»

  6. VI

    «Адасқан нысандар»

  7. VII

    «Неге және не үшін» ойыны

  8. VIII

    Қорытынды

II кезең: «Кім жылдам?» — сұрақтар

Материктер мен мұхиттар

  • 10 ұпай

    Қай материкте өзен жоқ?

    Жауабы: Антарктида

  • 20 ұпай

    Ежелгі біртұтас материк қалай аталады?

    Жауабы: Пангея

  • 30 ұпай

    Мұхит суының орташа тұздылығы қанша ‰-ге тең?

    Жауабы: 35

  • 40 ұпай

    Мұхит суы неше градуста қатады?

    Жауабы: −2

«Ең... ең... ең...»

  • 10 ұпай

    Ең ұзын өзен?

    Жауабы: Ніл

  • 20 ұпай

    Ең тұзды теңіз?

    Жауабы: Қызыл теңіз

  • 30 ұпай

    Ең кішкентай құс?

    Жауабы: Колибри

  • 40 ұпай

    Ең ірі сүтқоректі?

    Жауабы: Көк кит

Флора

  • 10 ұпай

    Сүйекті, шырынды жемістерге мысал келтіріңіз.

    Жауабы: Өрік, шие, шабдалы (т.б.)

  • 20 ұпай

    Ашық тұқымды, бірүйлі өсімдік?

    Жауабы: Қарағай

  • 30 ұпай

    Ағаш діңдерінде және топырақта өсетін біржасушалы балдыр?

    Жауабы: Хлорококк

  • 40 ұпай

    Картоптың жемісі қалай аталады?

    Жауабы: Жидек

Фауна

  • 10 ұпай

    Каспий теңізінің бағалы балығы?

    Жауабы: Бекіре

  • 20 ұпай

    Үстірт қорығында жерсіндірілген жабайы жануар?

    Жауабы: Муфлон

  • 30 ұпай

    Қазақстанда салмағы 16 кг-ға жететін ірі құс?

    Жауабы: Дуадақ

  • 40 ұпай

    Ең ақылды маймыл?

    Жауабы: Шимпанзе

III кезең: «Географиялық пошта»

Тапсырма

Топ басшыларының алдына сандықша қойылады. Сандықша ішінде жемістер жасырылған. Әр топ басшысы алған жемісі туралы жалпы мәлімет береді: өсу аймағы, шығу тарихы, пайдасы.

Уақыт: 3 минут.

Қатар тапсырма

Топ басшылары ойланып болғанша, сайыскерлер «Ойлы болсаң озып көр» бөлімінде пәндерге қатысты жұмбақтарды шешеді.

«Ойлы болсаң озып көр»: жұмбақтар

  • 1) Қанатсыз құс маңып барады,
    Көзінен жас тамып барады.

    Жауабы: Бұлт

  • 2) Теңіздің ортасында тұруға қорқасың ба?

    Жауабы: Арал

  • 3) Соғады күні-түні алмай тыным,
    Құлайды ол тоқтаса таудай тілім.

    Жауабы: Жүрек

  • 4) Салынған көпір керемет,
    Қызығушы өте көп.
    Ал бірақ та не керек,
    Кісі өтетін жолы жоқ.

    Жауабы: Күншуақ

  • 5) Екі асыл нүкте, соқтырмайды түкке.

    Жауабы: Көз

  • 6) Кемеңгер жол нұсқаған ақыл тауып,
    Үстінде алтын түкті қалың сауыт.
    Шықпайды «ордасынан» қадам аттап,
    Екеуі тұр қарауылдап, екеуі тыңдап,
    Үшеуі жүр тамақ беріп, дәмін сынап.
    Екеуі өзен жуындысын кетеді алып,
    Өзімен бірге ағызып, терең шыңға ап.

    Жауабы: ми, ми сауыты; 2 көз; құлақ; қол; тіл; танау тесіктері

IV кезең: «Жанды сұрақ» (видеосұрақ)

Бұл кезеңде қатысушылар бейнематериал арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.