Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері

Сабақ тақырыбы

Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері

Сілтеме

Оқулық, ғаламтор

Түйінді идеялар

  • Оқушылар іс-әрекет арқылы ізденімпаздыққа жетеді.
  • Тақырыпты түсіну деңгейі анықталып, соған сай шешім қабылданады.

Жалпы мақсаттар

1

Есептеу техникасымен (ЕТ) жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу және оларды меңгеру.

2

Компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын үнемі есте сақтауға дағдыландыру.

3

Оқушыны мәдениеттілікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

Оқушы жалпы ережелерді және дербес компьютермен (ДК) жұмыс істеудің: жұмысқа дейінгі, жұмыс барысындағы, апаттық жағдайдағы және жұмыс соңындағы талаптарын біледі.

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру және белсендіру
  • Өткен тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі.
  • Оқушылар белсенді әрекетке жұмылдырылады.
  • Ойлау жұмысына ынталандырылады.

1) Ұйымдастыру

Сергіту сәті: «Жылы лебіз» жаттығуын орындатып, сыныпта көтеріңкі көңіл күй мен жағымды атмосфера қалыптастырамын.

2) Топқа бөлу

Қобдишадағы бүктелген қағаздардан компьютер, планшет, ноутбук суреттерін таңдау арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Топ спикерін сайлау ұйымдастырылады және бағалау критерийлері таратылады.

3) Талқылау сұрағы

Балалар, қалай ойлайсыңдар: компьютермен жұмыс кезінде қауіпсіздікті сақтау керек пе?

Кабинеттегі тәртіп

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз информатика кабинетіне кірмеу.
  • Компьютер сыныбына сабырмен кіріп, өз жұмыс орнына отыру.
  • Информатика кабинетіне сырт киіммен кірмеу.
  • Кіреберісте бір-біріңді итермелемеу.

Қауіпсіздік ережелері

  • Компьютердің көзге көрінетін ақауын байқасаң, мұғалімге дереу хабарлау.
  • Компьютерде жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен бастау.
  • Байланыстырушы сымдардың ажыратылатын бөлігіне және электр желісіне жалғанған сымдарға қол тигізбеу.
  • Сулы қолмен компьютерде жұмыс істемеу.

Қорытынды: компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін сақтау — денсаулықты қорғаудың және оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың негізгі шарты.

Материал

«Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері» тақырыбы бойынша оқу материалы.

Жүктеу