Өткен шаққа шолу
Математика • 4-сынып
Сабақ тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан!
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, баршаға!
Қызықты күн болсын!
Бүгінгі күн біздің
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың санды көбейтіндіге бөлу амалына берілетін есептерді шығару арқылы білім, білік, дағдыларын тексеру.
Дамытушылық
Математикалық білім арқылы ойлау қабілетін дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру; өздігінен жұмыс істеуге және жұмыста шапшаңдық танытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Өзін-өзі басқаруға, ұжымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу; жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Бүгінгі сабақ форматы
Саяхат сабағы
I. Өткенді қайталау
- Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл — көбейтудің қай қасиеті?
- Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл — көбейтудің қай қасиеті?
- Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан көбейтінділердің мәнін қосуға болады. Бұл — көбейтудің қосуға қатысты қай қасиеті?
Математикалық диктант
40 × 2
80
50 × 2
100
90 × 2
180
«Ең тапқыр кім?» тапсырмасы
Теңдік дұрыс болатындай етіп, жақшаларды қойыңдар:
- 9 * 10 - 7 = 27
- 7 + 2 * 8 = 72
- 15 + 36 : 9 - 3 = 21
- 17 - 40 : 8 = 12
Ескерту: «:» — бөлу амалын білдіреді.
Жаңа тақырып
Санды көбейтіндіге бөлу. (Слайд/презентация жүктеу.)