Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру

№ 10

Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)

Пән

Химия

Сабақтың тақырыбы

Металдар. Металдар мен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру. Негізгі және қосымша топша металдары. Сілтілік металдар және олардың негізгі қосылыстары.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрден тыс (СТО стратегияларын қолдану арқылы)

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Металдар туралы білімді ақпарат жинақтаумен және есептер шығарумен ұштастыру.

Кәсіптік құзыреттілік

Есептер шығару барысында білімді қолдана отырып, саралау, талдау және жинақтау қабілеттерін дамыту.

Арнайы құзыреттілік

Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдар мен терминдерді, сондай-ақ әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды түсіндіретін заңдылықтарды білу.

Сабақ мақсаттары

Білімділік

  • Периодтық кестедегі металдардың орны, атом құрылысының ерекшеліктері және сілтілік металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері туралы жалпы мағлұмат беру.
  • Натрийдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, ашылу тарихы, табиғатта кездесуі, физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру.

Тәрбиелік

  • Сілтілік металдардың тотықсыздандырғыш қасиеттерін көрсететін тәжірибелер арқылы ұқыптылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу.
  • Натрийдің табиғатта таралуы мен қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Металдар туралы білімді еске түсіру үшін қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру және білімді тереңдету.
  • Типтік металл ретінде натрийдің қасиеттерін реакция теңдеулерімен сауатты жаза білуге үйрету.
  • Логикалық ойлау қабілетін және танымдық белсенділікті арттыру.

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін пәндер:

  • Тарих
  • Биология
  • География
  • Математика
  • Физика

Оқытудың техникалық құралдары

Интерактивті тақта

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

  • Слайд, мультимедиа
  • Сілтілік металдар бойынша материалдар
  • Қазақстанның қазба байлықтары картасы
  • Периодтық жүйе
  • Сілтілік металдар коллекциясы

Зертханалық және реактивтер

  • Натрий хлориді
  • Натрий гидрокарбонаты
  • Су
  • Химиялық стақан
  • Лакмус индикаторлары

Таратпа материалдар

Мәтіндер

Әдебиеттер

Негізгі

Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная — Химия

Қосымша

Химия есептері мен жаттығулары