Барлық әріп бағалы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Сауат ашу
- Сабақтың тақырыбы
- Р р дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Жаңа дыбысты қатыстыра отырып сөз бен сөйлем құрату арқылы баланың логикалық ойлауын дамытып, сөздік қорын молайту.
Білімділік мәні
- Балаларды Р р дыбысы және әрпімен таныстыру.
- Р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Сауат ашу және жазу дәптерінде Р әрпінің жазылуын меңгерту.
- Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық және тәрбиелік мәні
- Ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру.
- Еркін сөйлеуге, сөздерден сөйлем құрауға дағдыландыру.
- Достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
Кеспе әріптер, магнитті тақта, тірек сызба, дидактикалық ойындар, «Ғажайып кезең», буын текшелері.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік арқылы меңгерту, ойын технологиясы.
Сабақ барысы
1) Шаттық шеңбер
Балалар бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды. Тәрбиеші әр балаға жылы сөз айтып, жағымды көңіл күй қалыптастырады:
-
Темірлан
Сен ұқыпты баласың.
-
Дарина
Сен әдепті баласың.
-
Шарапат
Сен еңбекқор баласың.
2) Әріптермен танысуға кіріспе (ойын-диалог)
Балалар шеңбер ішінде А, Т, П, Н, Ғ әріптері жазылған таңбалармен тұрады. Р әрпі бар бала олармен қосылғысы келеді де, сұрайды: «Сендер кімсіңдер?»
А әрпі
Алма, алмұрт егеміз, Айға сапар шегеміз. Алақай-ау, алақай, А дыбысын білеміз. Мен А әріпімін.
Т әрпі
Тайға мініп шабамыз, Тау мен тасты табамыз. Тарақ, тайлақ, тауықтан Т дыбысын табамыз. Мен Т әріпімін.
П әрпі
Бала отыр партада: Оқы, үйрен, шаршама. П дыбысы — дауыссыз, Мәлім болды баршаңа. Мен П әріпімін.
Н әрпі
Нан — әлемнің азығы, Дастарқанның қазығы. Нар — түйенің асылы, Өрісі — ел жазығы. Мен Н әріпімін.
Ғ әрпі
Ғасыр, ғылым, ғаламшар, Ойлаған ғалым адамдар. Ғарышкерлер ұшқанда, Жасайды ғажап қадамдар. Мен Ғ әріпімін.
«Ал, сен кімсің?»
Мен Р әріпімін. Ризамыз оқуға, Ретімен тоқуға. Р-ды айту қиын-ақ, Кейбіреулер қорқуда.
Неліктен Р әрпі қажет?
Әңгіме барысында балалар Р әрпінің сөздерде жиі кездесетінін дәлелдейді: раушан, ара, тарақ, шар. Қорытынды: Р әрпі өте қажет, енді онымен жақынырақ танысамыз.
3) Жаңа дыбысты түсіндіру: Р — дауыссыз дыбыс
Р — дауыссыз дыбыс. Айтқанда тіл тістерге тиіп, дыбыс кедергі арқылы шығады. Тілімізге, тісімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз. Айнаға қарап, дыбысты өзіміз айтып көреміз.
Мысалдар: радио, домбыра, жаңбыр, көгершін.
4) Тапсырмалар
«Ара» сөзін дыбыстық талдау
а-р-а сөзінде: 2 дауысты, 1 дауыссыз дыбыс бар. Барлығы: 3 әріп, 3 дыбыс.
Р әрпі бар сөздерден сөйлем құрау
- Сөйлем бас әріптен басталады.
- Сөйлем соңына нүкте қойылады.
Өткен әріптерге байланысты тақпақ айту
Балалар өткен А, Т, П, Н дыбыстарына қатысты 3–4 тақпақ айтып береді.
Тақтадағы өлең жолдарын жаттау
Ракета зымырап, Ғарышқа оны ұшырам. Аспанға қарап ай көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға-солға бұрылып, Егеменді ел көрдім.
Тірек сызба арқылы сөз құрау
Тірек сызба бойынша буын құрап, сөздер құрастырамыз: а-та, а-па және т.б.
Суреттерді сұрыптау (қалталарға бөлу)
Қызыл қалта (шеңбер ішінде)
Ішінде Р әрпі кездесетін суреттерді саламыз.
Көк қалта (шеңбер сыртында)
Р әрпі жоқ суреттерді саламыз.
Қосымша: екінші шеңберде берілген нұсқауға сәйкес сандарды және Р әрпі жоқ суреттерді бөлек қалталарға орналастырамыз.
Жазу: өткен әріптер мен Р әрпін бекіту
Балалар алдарындағы тақтайшада ризинка (резеңке) арқылы өткен әріптерді «жазады», кейін бүгінгі Р әрпін қосады. Тәрбиеші тақтада жазылуын көрсетеді: жоғарыдан төмен тік сызық түсіріп, ортасына қарай сопақша элемент қосып жазады.
«Бар болса — шапалақта, жоқ болса — жасыру»
Егер айтылған сөзде Р әрпі болса — балалар қол шапалақтайды. Р әрпі болмаса — қолдарын жасырады.
Қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
- Оны қандай текшемен белгілейміз?
- Р дыбысы қандай дыбыс?
Нәтиже: Р әрпі — дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.
Қорытынды өлең
Барлық әріп бағалы, Айтып әділ бағалы. Әріпсіз сөз болмайды, Буын онсыз болмайды. Адам барлық әріпті, Ардақтайды, қолдайды.
Соңында А, Т, П, Н, Ғ әріптеріне байланысты 1 қызыл және 5 көк шарды аспанға ұшыру арқылы көтеріңкі көңіл күймен сабақ аяқталады.