Сабақтың жоспарымен таныстыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

5 санын қосу және азайту

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

Көрнекіліктер

5-ті қосу кестесі, сабақ жоспары, ребус

Негізгі бағыт

Ондықтан аттамай/аттап 5-ті қосу және азайту тәсілдерін бекіту

Сабақтың мақсаттары

Оқу мақсаты

  • 5 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.
  • 5-ті қосудың кестелік жағдайларын және сәйкес азайту жағдайларын меңгерту.
  • Екі амалмен шығарылатын есептерді орындауға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ой-өрісті кеңейту, байқампаздықты арттыру.
  • Өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
  • Ізденімпаздықты күшейтіп, қиялды ұштау.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Ақыл-ой белсенділігін арттыруға ықпал ету.

Сабақтың құрылымы (7 бөлім)

Бүгінгі сабақ 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімді «ашу» үшін тиісті тапсырмаларды орындаймыз.

  1. Психологиялық дайындық
  2. Үй тапсырмасы
  3. Ой ашар
  4. Ой қозғау
  5. Сергіту сәті
  6. Ой толғаныс
  7. Қорытынды

І. Психологиялық дайындық

Ойнап, күліп аламыз,
Оқып, білім аламыз.
Ребустар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
Шынықтырып денені,
Батыр, алғыр боламыз.

10 20 30 40

ІІ. Үй тапсырмасы

  • Үйге берілген 6-тапсырманы әр топтан бір оқушы оқып береді.
  • Топтарды жарыстыра отырып, «Кім шапшаң?» ойынын ойнаймыз.
  • 2, 3, 4 сандарының қосу кестесін жатқа айтамыз.

ІІІ. Ой ашар

Жаңа тақырыпқа жетелейтін мысалдар:

4 + 5

5 + 4

Жаңа сабақ: 5-ті қосу және азайту

Ребус шешу

Оқушылар ребус шешу арқылы жаңа тақырыпқа қызығушылық танытады.

Қайталау және түсіндіру

  • 1-сыныпта өткен 5-ті қосу кестесін еске түсіреміз.
  • Көрнекілік арқылы жаңа мысалдарды талдаймыз: 6 + 5, 7 + 5.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу. Үлгі:
A + 5
x − 5

IV. Ой қозғау

Оқулықпен жұмыс

  • 1-тапсырманы әр топтан оқушылар шығып, түсіндіріп орындайды.
  • 2-тапсырма ауызша орындалады.

3-тапсырма: математикалық диктант

Оқушылар тек жауаптарын айтады, жауаптар тыңдалып тексеріледі.

(7 + 3) + 2 = 12

(12 − 2) − 3 = 7

(8 + 2) + 3 = 13

(13 − 3) − 2 = 8

(9 + 1) + 4 = 14

(14 − 4) − 1 = 9

Қорытынды ұран:
5 болсын алар бағамыз.
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

4–5-тапсырмалар: талдау және шешу

Есептердің неше амалмен орындалатыны айтылады, шешуі жазылады.

4-есеп

Жылқышы — 6
Шопан — ? (5 артық)

5-есеп

1-ші — 24
2-ші — ? (4 кем)

Шығармашылық тапсырма

Оқушылар қажетті амалды өздері қояды:

(9 − 2) − 6 = 1

(9 + 2) − 10 = 1

Жеке жұмыс

  • 8 оқушыға перфокарта таратылады.
  • Қалған оқушылар 5-ті қосу кестесін сызба арқылы жылдам орындап жарысады.

V–VII. Сергіту, ой толғаныс және қорытынды

Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалып, оқушылардың зейіні қайта шоғырландырылады.

Ой толғаныс

«Не үйрендік, не білдік?» сұрағы арқылы оқушылар сабақ мазмұнын өздері қорытындылайды.

Бағалау және мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, жұмыстары бағаланады.

Үй тапсырмасы

6-тапсырма. 5 санын қосу және азайту кестесін жаттап келу.