Туған жерТуған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас - деп халқымыз айтқандай, шіркін туған жерге жететін ештеңе жоқ
Туған жер туралы ой
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп халқымыз бекер айтпаған. Шіркін, туған жерге жететін ештеңе жоқ. Мен Қазақстанның Атырау облысы, Еркінқала ауылында дүниеге келдім. Осы жерде мектеп табалдырығын аттадым. Туған жерімді барлық елдерден артық көремін.
Төменде туған өлкеме арнаған қысқаша өлең шумағымды ұсынамын.
«Ауылым»
Туған жерім әрқашан ыстық маған,
Таза ауасы керемет, неткен далам.
Сағынамын шалғай кетсем белдеріңді,
Атынан айналайын, Еркінқалам.
Мас қылдым махаббатқа еркін далам,
Айналаңа қарасам — кең күн далам.
Мен үшін Астана емес, Алматы емес,
Тым ыстық туған жерім — Еркінқалам.
Ат жарысы
Ат жарысы — қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл сайысқа алдын ала бапталған жүйрік аттар қосылады. Жарысқа түсетін аттарды арнайы дайындайды, ал нағыз жүйріктер 25–100 шақырымға дейінгі қашықтыққа шабады.
Жол бойында көлді айналып өту, сай-саладан асу, бел-белестерден өту сияқты кедергілер кездеседі. Шын жүйрік ат осындай сындардан сүрінбей өтіп, мәреге бірінші болып жетуге тырысады.
Мұндай жарыстар көбіне үлкен тойларда, мерекелерде өткізіледі. Қазір ат жарыстарын теледидар арқылы да тамашалай аламыз.
Өтірік өлең
Қысқа шумақ
Ши тоқыдым шиеден,
Теңіз кештім түйемен.
Арба жасап шиеден,
Үй салдым мен түймемен.