Оны өмірде қайда қолданатынын айт

Ашық сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ тақырыбы

Тығыз тау жыныстары

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

Электронды тақта (слайд)

Сабақ мақсаты

1) Білімдік

Тығыз тау жыныстары туралы түсіндіру, олардың түрлерімен таныстыру және пайдасын ұғындыру.

2) Дамытушылық

Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, пікірін дәлелдеуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

Елін, жерін сүюге, ел болашағын ойлайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Топқа бөлу

І топ

Тапқырлар

ІІ топ

Алғырлар

ІІІ топ

Жүйріктер

«Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Жедел сұрақ-жауап

Тығыз тау жыныстары деген не?

3×2

Тығыз тау жыныстарының өзгеру себебі неде?

4×3

Гранит үгітілгенде не пайда болады?

3×7

Су өткізбейтін тау жынысын ата.

4×7

Тау жыныстары деген не? Мәтінді өз сөзіңмен түсіндір.

5×3

Қосымша тапсырма

Ребус: «Тау жыныстары»

3) Жаңа сабақ: Тығыз тау жыныстары

Әдістер

  • Мәтінді түсіндіру (тірек-сызба арқылы).
  • Тізбектей оқыту.

«Ойлы болсаң, озып көр»

Оқушылар тірек-сызбаға сүйене отырып, жаңа ұғымдарды жүйелейді және негізгі белгілерін ажыратады.

Тезис-жоспар

Негізгі ұғымдар мен сипаттамалар

Ас тұзы

Тұзды көлдерден алынады.

Фосфорит

Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас.

Асбест

Талшықты тау жынысы.

Әктас

Бор, кәдімгі әктас, мәрмәр түрлеріне байланысты қарастырылады.

Ұлутас

Көне теңіз жәндіктерінің бақалшақтарынан түзілген.

Тас көмір

Жылуды өте көп береді.

Мәрмәр

Үйлерді әшекейлеуге кеңінен қолданылады.

«Мені түсін» ойыны

10 сөз

Берілген сөздерді қолданып, тақырып мазмұнын қысқаша әрі түсінікті түрде жеткіз.

гранит түйіршікті құмтас мәрмәр Сарыарқа тығыз ескерткіш Қазақстан қайрақ әктас

«Жүйрік болсаң жасыңнан» тапсырмасы

Суреттерді қарап, олардың қалай пайда болғанын болжап айт. Содан кейін өмірде қайда және қалай қолданылатынын түсіндір.

  • Пайда болу жолын сипаттау.
  • Қасиеттерін атап өту (тығыздық, беріктік, су өткізгіштік).
  • Қолданылу салаларын мысалмен келтіру (құрылыс, әшекей, өндіріс).