Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сыныбы
8
Күні
Сабақтың тақырыбы
Температура және оны өлшеу тәсілдері

Мақсаты

Температура және оны өлшеу тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Температура ұғымын түсіндіре алады.
  • Термометр түрлерін салыстырады және өмірде қолдана біледі.
  • Өз ойын еркін айтып, қорытынды жасай алады.

Қолданылған құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта Компьютер Табиғат туралы бейнеролик Кеспе қағаздар Термометр Су Стақан Түрлі түсті маркерлер

Қолданылған модульдер

Жаңа тәсілдер

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану.

Сыни ойлау

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау.

АКТ

Сабақ барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Бағалау

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау тәсілдері.

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы кіріспеден басталып, өткен тақырыптарды пысықтау және жаңа тақырыпқа бағыттауға арналған тапсырмалармен жалғасады.

Кіріспе

Мұғалім әрекеті

  • Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады: амандасу, түгендеу, топқа бөлу.
  • Оқушыларды жыл мезгілдері (көктем, жаз, қыс, күз) бойынша 4 топқа бөледі, топ басшысын тағайындайды.
  • Топ ережесін еске түсіреді, сабақ жоспары мен бағалау критерийлерін таныстырады, бағалау парағын таратады.

Оқушы әрекеті

  • Мұғаліммен амандасады, кезекші сыныпта жоқ оқушыларды хабарлайды.
  • Топқа бөлінеді, топ ішінен көшбасшыны сайлайды, топ ережесін нақтылайды.
  • Оқу құралдарын дайындап, сабақтың мақсаты, жоспары және бағалау критерийлерімен танысады.

Тұсаукесер

Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыптар бойынша білімді еске түсіру. Сұрақтар интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Бағалау

Әр сұрақ — 1 балл

  1. Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Броундық қозғалыс деген не?

  3. Диффузия деген не?

  4. Адам организміндегі диффузияның маңызы неде?

  5. Температура дене қасиеттерінің өзгеруіне әсер ете ме?