Балаларды оқуға шақыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Ахмет Байтұрсынұлының «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі
Көрнекілік
Ақынның портреті, шығармалары, қосымша материалдар

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша түсінік беру. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту.

  • Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Ақынға, ана тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
  • Оқу-білімге қызығушылық пен ынтаны қолдау.

Әдіс-тәсілдер

  • Мәнерлеп оқу
  • Талдау
  • Баяндау
  • Кестемен жұмыс
  • Көрнекілікпен жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын әзірлеу, сабаққа назар аударту.

II. Мақсат-міндеттерді түсіндіру

Бүгінгі сабақта Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасы мен еңбегі туралы танысып, «Балаларды оқуға шақыру» өлеңінің негізгі идеясын ашамыз.

III. Жаңа сабақ

1) А. Байтұрсынұлы туралы мәлімет

Оқулықтағы материалмен танысу: ақынның өмірі, ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы мен тіл ғылымына қосқан үлесі.

2) Сөздік жұмысы

Мақсат: жаңа сөздердің мағынасын түсіну, қолданылу аясын анықтау, сөйлеуде дұрыс пайдалану.

Тіл білімі

языкознание

Намысшыл

честолюбивый

Айып

обвинение

Атылды

был расстрелян

Беделді

авторитетный

Ағартушылық жол

просветительский путь

Тіл білімінің атасы

родоначальник языкознания

Мысалшы

баснописец

Қолданылу аясын анықтау (үлгі)

  • Тіл білімі: қазақ тіл білімі, орыс тіл білімі.
  • Тіл білімі тіл заңдылықтарын зерттейді.
  • Қазақ тіл білімінің атасы — А. Байтұрсынұлы.

3) Кестемен жұмыс

А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты кестені толтырып, жауап барысында пайдалану.

Маңызды оқиғалар Жылдар Шығармалары

4) Мәтінмен тілдік жұмыс

Мәтіннен «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу. Сол сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру. Сауатты оқушыны анықтау.

Қандай? Сөз тіркесі Сөйлем

5) «Балаларды оқуға шақыру» өлеңімен жұмыс

а) Мәнерлеп оқу

Өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып оқу, тыныс белгілеріне мән беру, негізгі ойды айқындау.

ә) Өлең бойынша сөздік

Жатпа қарап— не бездельничай
Шақырды тауық— петух прокричал
Қоңыз— жук
Күн ашық— ясный день
Ың-жың орман— лес шумит
Тоқылдақ— дятел
Ау— невод
«Аллалап»— с именем Аллаха
Шапшаңырақ— побыстрее
Мана әлдеқашан— уже давно
Аралар— пчелы
Тоғайлар шат— пер.: лес весел
Жан-мақлұқ— живое существо
Балықшы— рыбак
Орақ даусы— звон серпа
«Құлдарын Құдай сүймес, жалқау болған» — и Бог не любит своих ленивых рабов

б) Мазмұны бойынша сұрақтар

  1. Өлең кімдерге арналған?
  2. Ахмет ағаң балаларды қандай болуға шақырады?
  3. «Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да...» деген жолдарды қалай түсінесіңдер?

в) Өлең түйінін табу

Өлеңнің негізгі қорытынды ойы берілген жолдарды тауып, мағынасын ашуға талпыну: еңбек, ізденіс және оқу-білімнің құндылығы.

IV. Сабақты бекіту

Ахмет Байтұрсынұлының өлеңін хрестоматиядағы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен салыстыру. Ұқсастықтарын анықтап, дәлел келтіру.

«Балаларды оқуға шақыру» «Кел, балалар, оқылық!» Ұқсастықтары

V. Қорытындылау және бағалау

Оқушылардың жауаптарын қорытындылау, білімін бағалау. Білім мен оқудың пайдасы туралы парталасымен қысқаша сұхбат құру.

VI. Үй тапсырмасы

  1. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңін жаттау.
  2. Өнер-білім, оқу туралы мақал-мәтелдерді дәптерге жазып келу және жаттап алу.