Деңгейлік тапсырмалар орындау

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сынып

5-сынып

Тақырып

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты

Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу бойынша білімдерін пысықтау және жүйелеу.

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Жұмыс формалары

  • жеке
  • жұптық
  • ұжымдық
  • топтық

Техникалық құралдар

  • компьютер
  • интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сөздік әдіс, жартылай ізденушілік, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту.

Көрнекіліктер және технологиялар

Слайдтар, кеспе қағаздар, жетондар, АКТ, саралап оқыту.

Пәнаралық байланыс

Психология, информатика, қазақ тілі, тарих.

Оқу-әдістемелік құрал

Т. А. Алдамұратова, Е. С. Байшоланов. Математика. 5 класс. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2010.

Сабақтың міндеттері

  • 1 Тақырып бойынша білім, білік және дағдыларын толық жетілдіріп, бекіту.
  • 2 Ой-өрісті кеңейтіп, көру және есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділікті дамыту; есепті талдап, қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
  • 3 Пәнге қызығушылықты арттыра отырып, математикалық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары (уақыт бөлу)

1) Ұйымдастыру

1 мин

2) Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

3) Ауызша есептер

4 мин

4) Графикалық диктант

5 мин

5) Жұптық жұмыс (үтір қою)

3 мин

6) Ұжымдық жұмыс (амалдар)

7 мин

7) Сергіту сәті

2 мин

8) Деңгейлік тапсырмалар

8 мин

9) Тест

5 мин

10) Қорытындылау

3 мин

11) Үй тапсырмасы

1 мин

12) Бағалау

1 мин

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық дайындық

  1. 1)Орнымыздан тұрамыз. Басымызды төмен түсіреміз: «Көз алдарыңа нені елестеттіңдер? Бүгін сабақта қалай жауап беремін?»
  2. 2)Басымызды сәл көтереміз: «Мұғалім бізге қандай тапсырмалар дайындады?»
  3. 3)Басымызды жоғары көтереміз: «Менде бәрі жақсы! Бүгінгі сабақта өз білімімді жоғары деңгейде көрсете аламын!»

Сабақта барлығыңа сәттілік тілеймін.

II. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

1-деңгей • №1237

5) 0,48 : 1,2 × 5 − 1,82

= 0,4 × 5 − 1,82 = 2 − 1,82 = 0,18

6) 8,6 − 2,5 : 0,5 + 1,4

= 8,6 − 5 + 1,4 = 3,6 + 1,4 = 5

7) 9,1 + 11,5 : 5 − 5,6

= 9,1 + 2,3 − 5,6 = 11,4 − 5,6 = 5,8

8) 53,4 : 8,9 × 0,3 + 0,2

= 6 × 0,3 + 0,2 = 1,8 + 0,2 = 2

2-деңгей • №1243

1) 0,56

3) 0,35

3-деңгей • №1243

Жауаптар тақта арқылы тексеріледі.

III. Ауызша есептер (4 минут)

Қысқа есептер ауызша орындалып, жауаптар тез тексеріледі.

IV. Графикалық диктант (5 минут)

Егер тұжырым дұрыс болса «иә», қате болса «жоқ» белгісін қойыңдар.

  • 1) Ондық бөлшектерді қосу және азайту кезінде бүтін бөлігі бүтін бөліктің астына жазылады.

    Дұрыс жауабы: иә

  • 2) 10, 100, 1000 разряд бірліктеріне көбейткенде үтірді солға жылжыту керек.

    Дұрыс жауабы: жоқ

  • 3) Санды оған жақын натурал санмен немесе нөлмен алмастыру — санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп аталады.

    Дұрыс жауабы: иә

  • 4) Егер ауыстырылатын (немесе алып тасталатын) бірінші цифр 5, 6, 7, 8, 9 болса, онда оның сол жағындағы цифр 1-ге арттырылады.

    Дұрыс жауабы: иә

  • 5) Ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде бүтін бөлікті бөлу аяқталғаннан кейін бөліндіде үтір қойылады.

    Дұрыс жауабы: иә

  • 6) Ондық бөлшекті 10-ға бөлгенде үтір оңға жылжытылады.

    Дұрыс жауабы: жоқ

  • 7) Бөлу арқылы берілген жай бөлшекке тең ондық бөлшек алуға болады.

    Дұрыс жауабы: иә

V. Жұптық жұмыс: үтірді дұрыс қою (3 минут)

Есептердегі ондық бөлшектердің үтірін дұрыс қойыңдар.

Берілгені

  • a) 34 + 26 = 6
  • б) 61 − 43 = 567
  • в) 28 × 10 = 28
  • г) 219 : 100 = 0219

Дұрыс нұсқа

  • a) 3,4 + 2,6 = 6
  • б) 61 − 4,3 = 56,7
  • в) 2,8 × 10 = 28
  • г) 21,9 : 100 = 0,219

VI. Ұжымдық жұмыс: амалдарды орындау (7 минут)

1 оқушы интерактивті тақтада, 2 оқушы тақтада, қалғандары орындарында орындайды. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, ондық бөлшектің бүтін және бөлшек бөлігін үтірмен ажыратуды енгізген шотланд математигінің есімін оқисыңдар.

Нәтижесі ашылатын есім

ДЖОН НЕПЕР

a) 1243,5 − (279,48 + 105,2)

= 1243,5 − 384,68 = 858,82

б) 91,8 : (10,56 − 1,56)

= 91,8 : 9 = 10,2

в) 16,24 × (3,7 + 6,3)

= 16,24 × 10 = 162,4

г) (6,59 + 3,405) × 100

= 9,995 × 100 = 999,5

Кілт:

О — 162,4
Ж — 10,2
Н — 999,5
Д — 858,82

VII. Сергіту сәті (2 минут)

Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған қысқа жаттығу. Барлығымыз бірге орындаймыз (қонақтарды да қатыстыруға болады).

Нұсқау: тек мұғалім айтқан әрекетті ғана орындау.

  • Қолды дөңгелектеп ұстаймыз.
  • Қолды маңдайға апарамыз.
  • Қолды мұрынға апарамыз (сұрақ-жауап арқылы түсіндіріледі).

VIII. Деңгейлік тапсырмалар (8 минут)

1-деңгей

(31,2 − 27,64) • 2,05 + 0,702

Шешуі

= 3,56 × 2,05 + 0,702

= 7,298 + 0,702

= 8

2-деңгей

u + 0,792 = 8,7 • 2,16

Шешуі

u + 0,792 = 18,792

u = 18,792 − 0,792

u = 18

Жауабы: 18

3-деңгей • №1170

Қайық өзенде ағыспен 7,85 км/сағ меншікті жылдамдықпен жүзіп келеді. Ағыс жылдамдығы 2,6 км/сағ. Қайық 12,54 км қашықтықты қанша уақытта жүзіп өтеді?

Жауаптары сабақ барысында тексеріледі.

IX. Тест тапсырмалары (5 минут)

1-нұсқа

  1. 1) Қосуды орындаңдар: 9,07 + 3,23

    а) 12,3; б) 123; в) 1,23; г) 41,37

  2. 2) Теңдеуді шешіңдер: x − 12 = 3,07

    а) 13; б) 8,3; в) 125; г) 15,07

  3. 3) Көбейтуді орындаңдар: 3,75 × 1,2

    а) 13; б) 8,3; в) 4,5; г) 4,05

  4. 4) Амалды орындаңдар: 46,75 : 25 × 3,8 − 0,106

    а) 13; б) 7; в) 7,5; г) 7,1

Дұрыс жауап кілті

1 — а, 2 — г, 3 — в, 4 — б

2-нұсқа

  1. 1) Амалды орындаңдар: 5,75 + 3,8

    а) 10; б) 9,55; в) 8,25; г) 85

  2. 2) Теңдеуді шешіңдер: y − 18 = 4,15

    а) 22,15; б) 21; в) 14; г) 75

  3. 3) Көбейтуді орындаңдар: 3,15 × 1,2

    а) 11,907; б) 12,907; в) 14,907; г) 75,3

  4. 4) Бөлуді орындаңдар: 93,15 : 23

    а) 405; б) 41,5; в) 4,15; г) 4,05

Дұрыс жауап кілті

1 — б, 2 — а, 3 — а, 4 — г

X–XII. Қорытындылау, үй тапсырмасы және бағалау

Қорытындылау

Сабақта орындалған тапсырмалар бойынша негізгі ережелер қайта еске түсіріледі, қиындық тудырған тұстар талданады.

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі.

Бағалау

Оқушылар жинаған фишкалары бойынша арифметикалық орта табу арқылы өз бағасын шығарады.

Мысал: (4 + 4 + 4) : 3 = 4

Рефлексия (сабақ соңындағы қысқа сауалнама)

Тиісті нұсқаны белгілеңдер.

Сабақта мен:

белсенді жұмыс жасадым селқос болдым

Өз жұмысым үшін:

қанағаттанамын қанағаттанбаймын

Сабақ материалы маған:

түсінікті болды түсініксіз болды

Мен үшін үй тапсырмасы:

жеңіл қиын