Бүгін сабаққа

Сабақтың мақсаты

Сабақтың негізгі мақсаты — тақырып бойынша жан-жақты мәлімет беру арқылы оқушыларға сан есімді түсіндіру, әрі сөйлеу мен жазу сауаттылығын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
  • Пәннің мақсаттарымен таныстырып, тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

II. Сөздік жұмысы

Сұрақтар

Сағат қанша? Который час?

Қазір сағат неше? Сейчас который час?

Сөздер

Уақыт
время
Тіл
язык
Өлшем бірлігі
единица измерения

III. Жаңа сабақ

Жылулық шеңбері

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер-ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

1-тапсырма

Сан есім

Берілген сөйлемдерден сан есімдерді анықта.

  1. Сыныбыңда неше оқушы бар?

    Біздің сыныпта ……… оқушы бар.

  2. Сабақ нешеде басталады?

    Сабақ 8:20-де басталады.

  3. Бүгін сабаққа неше оқушы келді?

    Бүгін сабаққа ……… оқушы келді.

2-тапсырма

Жұмбақты шеш.

Сыртылдайды күнімен,

Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.

Жауабы: сағат

3-тапсырма

Сызба бойынша уақыттың өлшем бірліктерін меңгер.

Уақыт
Жыл Ай Апта Күн Сағат Минут Секунд

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кішкентай ғана ағаштар,

Үлкен болып өседі.

4-тапсырма

Мәтінді тыңда.

«Сағат»

Менің атым — Сағат. Менің үш тілім бар: ұзын тілім минутты, қысқа тілім сағатты, ал жіңішке тілім секундты көрсетеді. 1 минутта 60 секунд, 1 сағатта 60 минут бар.

5-тапсырма

Сөйлем құрап үйрен.

«Сағат» сөзімен

  1. Сағат.
  2. Менің сағатым.
  3. Менің сағатым бар.
  4. Менің әдемі сағатым бар.

«Апта» сөзімен

  1. Апта.
  2. Бір апта.
  3. Бір аптада жеті күн.
  4. Бір аптада жеті күн бар.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Денемізді созайық.

Орындыққа отырып,

Алақанды ұрайық.

Үй тапсырмасы

Сан есімдер кездесетін мақал-мәтелдерді тауып, дәптерге жаз.

IV. Сабақты бекіту

Оқушылардың сан есімді дұрыс қолдануын және уақытты қазақша сұрап-жауап бере алуын пысықтау.

V. Сабақты қорытындылау

Сабақта үйренген негізгі ұғымдарды қайталап, оқушылардың жұмысын бағалау және кері байланыс алу.