Артық сөзді табыңдар
Қазақ тілі • 6-сынып
Сабақ тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер
Бұл сабақта оқушылар сан есімнің мағынасын, сұрақтарын және құрамына қарай дара, күрделі түрлерін ажыратуды үйренеді. Жаттығулар мен ауызша жұмыстар арқылы білім бекітіледі.
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау және т.б.
Көрнекілік
Тест тапсырмалары, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс
Математика, әдебиет
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушыларға сан есім және оның сұрақтары туралы мәлімет беру.
- Сұрақты дұрыс қойып, сан есім түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
- Мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді таба білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Танымдық қызығушылығын дамыту.
- Ой қорытып, нақты шешім қабылдай білуіне ықпал ету.
- Шығармашылық ізденісін арттыру.
Тәрбиелік
- Сандардың маңызын түсіндіру, өмірмен байланыстыра білу.
- Туған халқының өнерін қадірлеуге баулу.
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жаңа тақырып: Сан есім
Сан есім — заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы. Ол Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есімнің құрамына қарай бөлінуі
Дара сан есім
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер.
Мысалдар
- Негізгі: он, екі, бес, мың, жүз, отыз
- Туынды: ондаған, мыңдаған, алтыншы, екеу, жетеу
Күрделі сан есім
Екі немесе одан да көп түбірдің тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады.
Мысалдар
- екі мың он үш
- жиырма бес
- бес-алты
- үш-үштен
Қосарлану мен қайталану арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады: қырық-елу, алпыс-жетпіс.
Есте сақта: Артық білім — кітапта.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
100, 104-жаттығулар. Ережені қайталау.
III. Оқулықпен жұмыс
105-жаттығу
Мәтіннен сан есімдерді табыңдар да, тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.
108-жаттығу
Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.
IV. Сергіту және бекіту: «Кім тез табады?»
Дара сан есім айтылғанда оң қолды, күрделі сан есім айтылғанда сол қолды көтеріңдер.
V. Ауызша жұмыс: «Киелі сандар қасиеті»
Халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 сияқты сандар ырымға негізделіп, киелі деп есептелген. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Жеті атаңды ата
ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
2) Киелі сандарды ата
7, 9
3) Үш арсыз
ұйқы, тамақ, күлкі
4) Жігіттің үш жұрты
өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты
5) Жеті күн
бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына
6) Ер қаруы — бес қару
найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта
7) Төрт құбыла
оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс
8) Үш бәйтерек
Ілияс, Сәкен, Бейімбет
9) Бес арыс
Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек
Шығармашылық тапсырма: «Жалғасын тап»
Өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мағынасын толықтырыңдар.
Бір дегенім — ...
Шықтық содан өсіп,
Екі деген — ...
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім — ...
Үміт аптар жігіт.
Төрт дегенім — ...
Төзе білем өзім.
Бес дегенім — ...
Бағалайтын уақыт.
Алты деген — ...
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген — ...
Жүректегі алау.
Сегіз деген — ...
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген — ...
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім — ...
Қорға оны, ботам!
Деңгейлік тапсырма: «Бір және мың»
Көп нүктенің орнына бір немесе мың сан есімін қойып жазыңдар. Қажетті жалғауларды өздерің дұрыс жалғаңдар.
- ... кісі ... кісіге олжа салар.
- Білекті ... жығар, білімді ... жығар.
- ... жаудан ... жансыз жаман.
- ... түсініп танығанша ... атын біл. (мақал)
- ... бір кісі ... жүз кісі сұмға әлі жетер заман жоқ.
Поэзиямен жұмыс (Абай)
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен ... жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
... жалғыз алыстым, кінә қойма.
Керекті сөздер: бір, мың.
Сабақты қорытындылау: тест тапсырмалары
Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңдар.
1) Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
- а) қандай? қанша?
- ә) не? нешінші?
- б) қанша? неше?
2) Сан есімді көрсетіңдер.
- а) белсенді
- ә) есептік
- б) бес
3) Сан есім ... болып бөлінеді.
- а) есептік, реттік, қатарлық
- ә) қатарлық, кезектік
- б) есептік, реттік
4) Сан есімді көрсетіңдер.
- а) бес, сана, ұйықта
- ә) елу бес, жас, кәрі
- б) қырық, елу, жүз
5) Берілген сөздер қай сөз табына жатады? (Екінші, бес, алпыс алты)
- а) сын есім
- ә) сан есім
- б) есімдік
6) Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді ... дейміз.
- а) сан есім
- ә) сын есім
- б) зат есім
7) Артық сөзді табыңдар.
- а) жүз, алты
- ә) бірінші, сегізінші
- б) қырық, алпыс
8) Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар: «Ер ... рет өледі. Қорқақ ... рет өледі.»
- а) бір, бесінші
- ә) бір, мың
- б) бір, көп
9) Жұмбақты шешіңдер: «Басында таяғы бар, төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар, иегінде сақалы бар.»
- а) ешкі
- ә) қой
- б) арқар
10) Артық сөзді табыңдар.
- а) елу сегіз
- ә) алты адам
- б) көркем сурет
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- 107, 109-жаттығулар.
- Құрамында сан есімі бар жұмбақтар, мақал-мәтелдер жазу.
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және тест нәтижелері бойынша бағаланады.