Самғау кезеңі
Қызылорда облысы • Байқоңыр қаласы • №277 орта мектебі
Тарих пәні мұғалімі: Бабасова Рыскүл Нұрмұхамбетовна
Тәрбие сағаты
Тарихи-танымдық сайыс
Тақырып: «Қазақ батырлары — халық қаһарманы»
Мақсаты
- Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлігін қастерлеуге баулу.
- Батырларымызды еске алып, олардың өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге ету.
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Музыка жазылған үнтаспа
Ескерту
Материал Жеңіс күніне арналған тәрбиелік шараның сценарийі ретінде құрастырылған.
Сайыс жоспары
Кезеңдер оқушылардың таныстыруынан бастап қорытындылауға дейін бірізді құрылыммен өтеді.
Формат
4 кезең + қорытынды
Визиткалық карточка
Топ аты және эмблемасын таныстыру.
I кезең — «Өткел»
Таныстыру бөлімі.
II кезең — «Самғау»
Сұрақ-жауап арқылы білім сынағы.
III кезең — «Шарықтау»
Күрделірек тапсырмалар кезеңі.
IV кезең — «Шырқау»
Финалдық сайыс.
V бөлім — Қорытынды
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.
Ұйымдастыру және қатысушылар
Оқушылар төрт топқа бөлініп, әр топ жеке орналасады. Сайыстың мақсаты мен ережелері түсіндіріледі.
I топ — «Рақымжан»
5 «А» сынып оқушылары
II топ — «Хиуаз»
5 «Б» сынып оқушылары
III топ — «Бақтыораз»
5 «В» сынып оқушылары
IV топ — «Қасым»
5 «Г» сынып оқушылары
Кіріспе сөз
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар және әріптестер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке — Жеңіс күні де таяп қалды. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Ұлы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды.
Жеңіс үшін жанын құрбан еткен миллиондаған адамдардың есімін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнде болашақ үшін ерен еңбек еткен, қайсар ерлік көрсеткен ұрпақтың рухын ұмытпау — біздің парызымыз.
Бүгінгі «Қазақ батырлары — халық қаһарманы» атты сыныптан тыс жұмысымыз Жеңіске және Жеңісті жақындатқан ерлерге арналады.
Сахналық көрініс
«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.
Медиа
Экранға назар аударылады, батырлар туралы бейнеролик көрсетіледі.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Биыл Жеңістің 70 жылдығы.
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында қазақ сарбаздары үлкен ерлік көрсетіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосты.
Бұл соғыстың зардабы соғыс аяқталғанына жарты ғасырдан асса да, халық жадынан өшкен жоқ.
Осы орайда, тура 70 жыл бұрын жасалған батырларымыздың ерен ерліктерін еске алмау мүмкін емес.
2-жүргізуші
Бізге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге мың тағзым!
Олар сұрапыл соғыс жылдарында Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен қорғады.
Өкінішке қарай, бізге белгілі деректер — Ұлы Отан соғысына қатысып, батыр атанған қазақ азаматтарының бір бөлігі ғана.
Ел қорғау жолындағы ерлік көптеген шығармаларға арқау болып, бүгінгі жас ұрпақ жадында мәңгі сақталуда.
Әділқазылар және ереже
Сайысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасы таныстырылады. Қатысушылар Ұлы Отан соғысы тақырыбы бойынша алған білімдерін ортаға салады.
Кезең саны
4
Бастау
I кезең — «Өткел»
I кезең — «Өткел»: таныстыру
Сайысымыздың беташарын бастайық, көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін — өнеріне ду қол соғып қостайық!
Әр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.
II кезең — «Самғау»: сұрақ-жауап
Бұл бөлімде әр топтың капитаны ұсынылған төрт түстің біреуін таңдайды. Әр топ 5 сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 10 балл болып есептеледі.
I топқа арналған сұрақтар («Рақымжан»)
5 сұрақ • 10 балл- 1) Ұлы Отан соғысы қашан басталды? 1941 жыл.
- 2) Мәскеу түбінде генерал-майор И. В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия қалай аталды? 316-атқыштар дивизиясы.
- 3) Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны: 497.
- 4) Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақстандық, Халық қаһарманы: Рақымжан Қошқарбаев.
- 5) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық партизандардың жалпы саны: 3,5 мың адам.