Қазақ тілі нешінші сабақ
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән / сынып
- Қазақ тілі, 6-сынып
- Тақырып
- Кітап дүкенінде
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақ типі
- Жаңа сабақты меңгеру
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, әңгімелесу
- Фонетикалық жаттығулар
- Деңгейлік тапсырмалар
- Мәнерлеп оқу
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Карточкалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Кітап туралы білімді жүйелеу, жинақтау және бекіту.
Дамытушылық
Тақырып бойынша сөйлеу тілін және сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Кітапты бағалауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, қысқаша әңгімелесу және сабаққа назар аударту.
- Қазір қандай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Сыныпта кім кезекші?
- Кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айлары қандай?
- Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
Үй жұмысын тексеру
«Ұлттық дүкенде» тақырыбы бойынша жұппен диалог құру, тыңдау және бағалау.
Жаңа тақырыпқа кіріспе: сөздік жұмысы
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| білім | знание |
| бағалы | ценный |
| алдымен | сперва, сначала |
| көркем | художественная |
| мәдениет | культура |
| шығармалар | произведения |
Тапсырмалар
1-тапсырма: мәтінді түсініп оқу
Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Кітап оқу — өнер
Білім — адам үшін ең бағалы қазына. Сол білімді тарататын құралдардың бірі — көркем әдебиет. Әрбір адам алдымен әдебиетті жақсы білуі керек. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз.
Кітапты түсініп оқу қажет. Оның мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алатындай деңгейге жету керек. Сондықтан көркем шығармаларды көп оқып, кітапты бағалай білуге тиіспіз.
Қосымша жұмыс
«Кітап дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңдар.
2-тапсырма: диалогты оқып, толықтыру
— Сәлем…
— Сәлем… Сен бүгін кітап дүкеніне барасың ба?
— Иә, мен бүгін кітап дүкеніне барамын.
— Дүкеннен не сатып аласың?
— Қазақ тілі кітабын сатып аламын. Ал сен қандай кітап аласың?
— Мен көркем әдебиет пен мақал-мәтелдер кітабын алғым келеді.
— Бірге барайық.
— Иә, барайық.
— Жақсы, сау бол!
— Сау бол!
3-тапсырма: бос орындарды толықтыру
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
- Әрбір кітапты … сақта.
- Кітапты кір қолыңмен ….
- Кітапқа атыңды ….
- Кітабыңның … қаптап ал.
- Кітапты жарықта ….
4-тапсырма: кітаптың қасиеті туралы айту
Мәтінді оқып, кітаптың қандай қасиеті бар екенін айтып беріңдер.
Кітаптан не іздесең, бәрін табасың. Ол — білімнің жолдасы. Ол — ғылымның ордасы. Асыл дос, шын адамгершілік үлгісін кітаптан табуға болады.
Кітап — шебер ұстаз. Кітап — ұлы үйретуші.
Есіңде сақта!
- Күш білімде, білім кітапта.
- Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
- Жаста оқыған білім — тасқа жазғанмен бірдей.
6-тапсырма: септік жалғауларын дұрыс қою
Көп нүктенің орнына оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Сөйлемдер
- Мен кеше … (кімнен) хат алдым.
- Гүлсім … (ненің) оқу залында … (не) оқып отыр.
- Ол … (кімнен) екі жас үлкен.
- Мұғалім журналды … (неден) алды.
Керекті сөздер
7-тапсырма: жұмбақтың шешуін табу
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Жауабы: кітап
Қорытынды және бағалау
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, негізгі ойлар жинақталады.
Бағалау
Диалог құрастыру, мәтін мазмұнын айту және тапсырмаларды орындау бойынша бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
«Кітап дүкенінде» тақырыбына сұхбат
Кітап дүкенінде болатын сұхбат құрастырып келіңдер (сұрақ-жауап түрінде).
Сау болыңыздар, балалар!