Жазу жолындағы әріптерді жазу

Сабақ тақырыбы

В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • В дыбысы мен әрпімен таныстыру; берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету; буынды және оның түрлерін ажырата білу дағдысын қалыптастыру.
  • Ой-өрісті, сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорды және тіл байлығын дамыту.
  • Сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу; үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға баулу.

Көрнекіліктер

Суреттер, текшелер, кеспе әріптер, слайд.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Психологиялық дайындық.

II. Өткен сабақты пысықтау

«Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақта алған білім тексеріледі.

Мақсаты: өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Шарты: оқушылар орналасу ретімен кез келген бір санды таңдап, сол сұраққа жауап береді.

  1. Һ дыбысы қандай дыбыс?
  2. «Қаһарман» сөзін буынға бөл.
  3. Қазақ қаһармандарын ата.
  4. «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?
  5. Һ дыбысын қатыстырып сөз ойла.
  6. Жұмбақты шеш:

    Теуіп-теуіп қалдым,
    Алысқа ұзап бардым.

    Жауабы: Велосипед

III. Жаңа сабақ

Әңгіме «велосипед» ұғымынан басталады: оның шығу тарихы қысқаша айтылады. Оқушылар «велосипед» сөзін буынға бөліп, қай дыбыстан басталатынын анықтау арқылы жаңа тақырыпты өздері ашады.

Сабақтың мақсаты хабарланады.

Негізгі ұғым

В — ұяң, дауыссыз дыбыс; орыс тілінен енген дыбыс.

Жаңа сөздер суреттер арқылы таныстырылады, мағынасы ашылады:

вагон трамвай автобус аквариум велосипед вокзал
  • Сөздерді буынға бөліп, неше дыбыс және неше әріп бар екенін анықтау.
  • В дыбысының сөздің барлық буынында кездесуі мүмкін екенін байқау.

IV. Оқулықпен жұмыс

Сурет бойынша әңгімелеу. «Вокзал» туралы не білетіндері сұралады.

Мәтінмен жұмыс кезеңдері:

  • Мәтінді мұғалімнің оқуы.
  • Мәтінді талдау.
  • Іштей оқу, дауыстап оқу, тізбектей оқыту.

Мақал-мәтел: «Үлкенге құрмет — балаға міндет». Мағынасы түсіндіріліп, өмірмен байланыстырылады.

V. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

VI. Дәптермен жұмыс

  • Әуеде жазу арқылы әріп элементтерін қайталау.
  • Жазу жолындағы үлгі бойынша әріптерді жазу.
  • В в әрпін әдемі, таза, сауатты жазуына бақылау жасау.

VII. Топтық жұмыс

Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа жеке тапсырма беріледі.

1-топ

«Волейбол» сөзіндегі дыбыстарды қатыстырып сөз құрастыр.

2-топ

Буын ұйқасын тап:

-гон, -гон, -гон

-рет, -рет, -рет

Келіп қалды …………

Мен саламын …………

3-топ

Суретке қарап әңгіме құрастыр.

VIII. Ой-толғаныс

«Топтастыру» стратегиясы қолданылады: В дыбысы бойынша не үйрендік, не білдік?

ұяң дауыссыз дыбыс орыс тілінен енген барлық буындарда кездесуі мүмкін трамвай велосипед аквариум

IX. Сабақты қорытындылау

Сабақ соңында сөзжұмбақ арқылы қорытынды жасалады.

  1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)
  2. Бір-бірімен қатар үйлер тіркесіп, қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. (Вагон)
  3. Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)
  4. Поезға қай жерден мінеміз? (Вокзал)
  5. Суда жүзетін көлік. (Қайық)
  6. Ең жақсы баға. (Бес)
  7. Үй жануары. (Мысық)

Сөзжұмбақтың шешімі: «Жарайсың»

Оқушылар мадақталады.