Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияларды табыңдар
Сабақ туралы мәлімет
- Сынып
- 9 «Б»
- Пән
- Қазақ әдебиеті
- Сабақтың тақырыбы
- Жамбыл Жабаев
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі емес сабақ: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, пікірталас, тест
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, ақын портреті, презентация
- Пәнаралық байланыс
- Математика, орыс тілі, ән-күй, тарих, география
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша меңгерген білімін тексеру және білім деңгейін арттыру.
Міндеттері
- Білімділік: ізденіс арқылы ақын туралы білімді кеңейту, толықтыру.
- Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, сөз қорын байыту, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: ақынға құрмет сезімін қалыптастыру, әдебиетке қызығушылық ояту.
Нәтижеге бағыт
Оқушы Жамбыл шығармашылығының ерекшеліктерін талдап, деректерді нақты айтып, пікірін дәлелді түрде жеткізе алады.
Кіріспе: Жамбыл Жабаев тұлғасы
Жамбыл Жабаев (1846–1945) — қазақ халық поэзиясының аса ірі өкілі, өлең сөздің дүлдүлі, жырау әрі жыршы. Ол — әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Жамбыл азаматтық-саяси поэзияны қалыптастыруға зор үлес қосты.
Ақынның ұлылығы тек шеберлігінде ғана емес, халық поэзиясының жаңа бір асқар биігіне айналуында, халық ақындарының жасампаз рухтағы көшін бастаған даралығында. Ол жыраулардың кең эпикалық дәстүрін және қазақ сөз өнеріндегі импровизациялық үрдісті жаңа арнаға бұрып, жаңа мазмұнмен байытты.
Сәкен Сейфуллин Жамбыл поэзиясын ерекше бағалап: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» — деген.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Сынып оқушыларын екі топқа бөлу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және өту барысы таныстырылады. Одан кейін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» форматындағы зияткерлік сайыс басталады.
I кезең — «Бәйге»
8 ортақ сұрақ • Дұрыс жауап: 10 ұпай
-
Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Жамбыл және Хантау тауларының баурайында.
-
Жамбыл Жабаев қай жылы дүниеге келген?
1846 жылы.
-
Жамбылға қай ақын бата берген?
Сүйінбайдан бата алған.
-
Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай.
-
Жамбылдың қандай поэмалары бар?
«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр».
-
1941 жылы Ленинград қоршауда қалған кезде Жамбыл шығарған өлең қалай аталады?
«Ленинградтық өренім».
-
Жамбылдың анасының аты кім?
Ұлдан.
-
«Туған өлкем» өлеңі орыс тілінде қай газетте жарияланды?
«Правда» газетінде.
II кезең — «Көкпар»
Екі топқа бірдей тапсырма • Дұрыс жауап: 20 ұпай
-
«Шағым» өлеңіндегі молда бейнесін талдаңдар.
-
«Өстепкеде» өлеңінде ақын адамдардың қандай мінездерін сынайды?
Өлеңнен мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
-
Қазақстанда 1916 жылы қандай тарихи оқиға болды?
-
Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияны табыңдар.
III кезең — «Жанды сұрақтар»
Тест сұрақтары • Әр дұрыс жауап: 20 ұпай
Жамбылдың Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған ұлы кім?
- Жапа
- Алғадай
- Әбдірахман
- Құлмамбет
Жамбылдың ақындық атағы қай айтыстан кейін кеңінен танылды?
- Айкүміспен
- Шашубаймен
- Бөлтірікпен
- Құлмамбетпен
1916 жылғы оқиғаға байланысты жазылған өлеңді табыңдар.
- «Менің өмірім»
- «Зілді бұйрық»
- «Туысқан ел»
- «Өстепкеде»
Жамбыл қай дастанды жатқа жырлаған?
- «Ләйлі-Мәжнүн»
- «Қыз Жібек»
- «Ер Тарғын»
- «Толағай»
IV кезең — «Жеті пән»
Пән таңдау • Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
География
Жамбыл Жабаев қай таудың етегінде дүниеге келген?
Тарих
Жамбыл қай жылы Жоғарғы Кеңеске депутат болып сайланды?
Ағылшын тілі
When was J. Jabaev born?
Орыс тілі
Жамбылдың «Әкеме» өлеңін орыс тіліне аударып көріңдер.
Ән-күй
Ақын суретте қай күйшінің бейнесімен бірге көрсетілген?
Математика
Жамбыл Жабаев неше жасында қайтыс болды?
Қазақ тілі
Өткен өлеңдердің қайсысында төл сөз бар?
V кезең — «Полиглот»
Үзіндідегі бос орын • 3 тілде айту • 30/20/10 ұпай
Үзінді 1
Жапаның ұлы ________ боп,
Жақсы іспетті, — дер, әке.
Үзінді 2
Ағайынды еңіретті ________,
Жасына қарамай...
Үзінді 3
Жан қысылса белгілі,
Табылмайсың жарқын ________.
Үзінді 4
Жасауыл ________ тінтпек,
Қылыштары жарқылдап,
Қайтіп ________ береді?
Айтқаны ішке қонбаған.
VI кезең — «Жорға»
1 минут • Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
А бағыты
- «Күлтегін» ескерткіші қай жерден табылған?
- «Музыканың үлкен кітабы» зерттеуінің авторы кім?
- Абылай ханның кеңесшісі болған жырау кім?
- Шоқанның шын аты кім?
- Абай қай облыста дүниеге келген?
- «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің авторы кім?
Ә бағыты
- «Құтадғу білік» дастанының авторы кім?
- Абайдың шын аты кім?
- Ы. Алтынсарин алғашқы мектепті қай қалада ашты?
- Абайдың неше қара сөзі бар?
- Араб әліпбиі негізінде жаңа жазуды жасаған кім?
- «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйіктісінің аты кім?
VII кезең — «Бұл кімдер?»
Топ жетекшілерінің сайысы • Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
Бұл кезеңде топ жетекшілері берілген ақын-жазушылардың кім екенін тауып айтады.
І топ
Тапсырмалар мұғалім тарапынан ұсынылады.
ІІ топ
Тапсырмалар мұғалім тарапынан ұсынылады.
VIII кезең — «Шешендік сайыс»
Командалық пікір • Қорытынды кезең
Тақырып
«Тәуелсіз ел — бақытты ел»
Топ мүшелері бірлесе отырып, тақырып бойынша ойларын ортаға салып, дәлелді пікір білдіреді.
Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытындылау
Әр топтың ұпайы есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Оқушылар мадақталып, марапатталады.
Бағалау
Топ жетекшілері сайысқа қатысқан топ мүшелерінің жұмысын бағалап, тиісті бағаларын қояды.
Үйге тапсырма
Жамбыл Жабаевтың кез келген бір өлеңін жаттау.
Мұғалім туралы
Қарағанды облысы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ КММ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі — Зарубаева Лилия Елеуханқызы.