Ортасында ілгегі
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Бұл сабақ жаңа білімді меңгертуге бағытталған. Негізгі назар — зат есімнің жасалу жолдары мен зат есім тудыратын жұрнақтарды түсіндіру, оны басқа сөз таптарынан ажыратуға және дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
Білімділік
Зат есімнің жасалу жолдары мен зат есім тудыратын жұрнақтар туралы мәлімет беру; басқа сөз таптарынан ажырата білуге, сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық
Шығармашылық, ойлау және таным қабілеттерін дамыту; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, ұжымдық ынтымақты берік ұстануға, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекі құралдар
- Тірек-сызбалар
- Тақырыптық бүктемелер
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз — білім алу, Міндетіміз — еңбектену. Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу.
Жаңа сабақты түсіндіру
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім — заттың, құбылыстың, ұғымның атын білдіретін және кім?, не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.
Мысалдар
2-тапсырма: Мақалдың жалғасын тап
Көп нүктенің орнына зат есімдерді жазыңыз. Әр сөзге сұрақ қойыңыз.
- 1) ________ — елдің анасы, ел — ердің анасы.
- 2) ________ — оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.
- 3) ________ соққан пышағынан танисың. ________ ептілікті сүйеді.
- 4) ________ мыңды жығады, білекті — бірді жығады.
3-тапсырма: Жұмбақтың шешуін тап
Жұмбақтардың шешуін табыңыз. Шешу сөздерді құрамына қарай талдаңыз.
От ішінде үш таяқ, Үшеуі де күшті аяқ. Ортасында ілгегі, Ілгегінде ілгені.
Жауабы: таға
Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы: аяз
Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады.
Жауабы: күн
Дауысы бар, жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын он бұра. Ол не?
Жауабы: домбыра
Сабақты қорытындылау: тест жұмысы
Төмендегі тапсырмалар арқылы тақырыпты бекітіңіз.
1) Дара зат есімді көрсетіңіз
- A) тұрған
- B) қиял
- C) күшті
2) Күрделі зат есімді табыңыз
- A) зейін
- B) білгіш
- C) әдеп-ғұрып
3) Деректі зат есімді көрсетіңіз
- A) адам
- B) дін
- C) күшті
4) Зат есімнің сұрақтары
- A) кім?, не?
- B) қалай?
- C) не себепті?
5) Жалқы есімдерді көрсетіңіз
- A) бала
- B) қала
- C) Қазақстан
6) Жалпы есімді көрсетіңіз
- A) орындық
- B) Сарыарқа
- C) Қарағанды
Қорытынды
- 1. Сұрақ қою әдісі арқылы жаңа тақырып қорытындыланады.
- 2. Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, білім деңгейі бағаланады.
Үй тапсырмасы
Өзіндік жұмыс: жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстыра отырып, «Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.