Сабақ типі

Сабақтың тақырыбы

Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Арифметикалық прогрессияның анықтамасын меңгерту.
  • Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласын білуін қамтамасыз ету.
  • Формуланы есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру.
  • Әртүрлі типтегі есептерді шешуде оқушының ойлау және орындау әрекетін жүйелеу.

Дамытушылық

  • Оқушылардың білімін әртүрлі жағдайларда қолдану арқылы өздігінен ойлау деңгейін тексеру.
  • Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.
  • Пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Өзіндік ізденіс пен шығармашылық қызмет арқылы тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
  • Білім алуға деген ынта мен жауапкершілікті күшейту.

Сабақтың сипаттамасы

Негізгі ақпарат

Сабақ типі
Білімді бекіту және меңгерту
Сабақ әдістері
Сұрақ-жауап, тест алу, модульдік оқыту технологиясы
Сабақ түрі
Сайыс-ойын

Көрнекіліктер

  • Таблица
  • Үлестірме тапсырмалар
  • Тест парағы
  • Фишкалар
  • Проектор

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгелдеу.
  2. Сабаққа даярлығын қадағалау.