Оқушылардың теориялық білімін есеп шығаруда сенімділігін арттыру

Тақырып

Логарифмдік теңсіздіктерді шешу.

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларға логарифмнің қасиеттерін қолдана отырып теңсіздіктерді шешуді және анықталу облысын табуды меңгерту.
  2. 2 Логарифм ұғымы бойынша білімдерін дамыту, ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.
  3. 3 Теориялық білімді есеп шығаруда сенімді қолдануға ынталандыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар логарифмдік теңсіздіктердің қасиеттерін қолданып, түрлендіру жұмыстарын орындай алады.
  • Тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындап, есептер шығара алады.

Әдіс-тәсілдер

Сыни ойлау және диалог

Оқушылар диалог құру арқылы сыни ойлауға үйренеді; алынған білімді ұзақ мерзімде сақтауға ықпал етіледі.

Топтық жұмыс

Топпен бірлесе жұмыс жасау дағдылары дамытылады: мозайка әдісі, бағалау критерийлері қолданылады.

Ресурстар

Маркер Смайликтер Ашық журнал Кеспе қағаздар Бағалау шкаласы

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

2 минут
  • Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығына назар аудару.
  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: әр оқушы өз есіміне сәйкес математикалық термин айтады.
  • Санау арқылы (1, 2, 3, 4) оқушыларды топқа бөлу.

2) Мағынаны тану (өткен тақырыпты бекіту)

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Оқушылар постер дайындап, қорғау арқылы жауаптарын негіздейді.

Венн диаграммасы

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.

Сәйкестікті анықтау

Логарифм қасиеттерінің дұрыс тұжырымдарын тауып, сәйкестендіру.

Fishbone әдісі

Мәселені талдау, себеп–салдар байланысын анықтау арқылы қорытындыға келу.

Графиктерді талдау

Көрсеткіштік және логарифмдік функция графиктерінің өзара орналасуын салу және түсіндіру.

Деңгейлік тапсырмалар (сәйкестендіру)

Тақтадағы деңгейлік тапсырмаларды сәйкестендіріп орындау: дұрыс табылған әріптерді орнына қойып, кестені толтыру. Барлық жауап дұрыс болғанда «Талапкер, сәттілік» сөзі шығады.

«Тапқыр болсаң, талас жоқ»

Тақтада 4 топқа арналған 4 логикалық тапсырма беріледі.

Үй тапсырмасы

Тақырыпқа сәйкес есептер мен тапсырмаларды орындау.

Бағалау

Критерий бойынша, бағалау шкаласын қолдана отырып жүргізіледі.

Рефлексия

Сабақ соңында кері байланыс алынады.

Автор туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Атамекен ауылы, Жібек жолы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі — Есенбаева Алтынкүл Нарметовна.

Материал: логарифмдік теңсіздіктерді шешу.