Оқушыларға жылқы малының пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасау

Ана тілі · 4-сынып · Аралас сабақ

С. Мұқанов «Жылқы» шығармасы бойынша сабақ жоспары

Бұл сабақта оқушылар жылқы малының пайдасын түсініп, мәтінді талдап оқуға, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге қатысты ұғымдарын кеңейтуге бағытталады.

Мақсаты

Жылқы малының пайдасын ұғындыру, мәтінге талдау жасау.

Дамытушылығы

Жылқының ерекшелігін аңғарту, ұлттық ойындар туралы түсінікті дамыту.

Тәрбиелігі

Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге баулу.

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Шығармашылық жұмыс

Көрнекілік және байланыс

Көрнекіліктер

Оқулық, бөлімдік суреттер, кесте, топ жұмысына арналған саралау парақшалары, үнтаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ барысында сынып екі топқа бөлінеді және жұмыс «дода» бөлімдері арқылы ұйымдастырылады.

Ой дамыту: «Кімнің ойы жүйрік?»

  1. Төрт түліктің ішіндегі ең әдемісі қайсы?
  2. Батырлардың серігі қалай аталады?
  3. Ер қанаты — жылқы.
  4. Қымыз ненің сүтінен дайындалады?

II. Жаңа сабақ

Сабақ бірнеше «дода» кезеңіне бөлініп, әр кезеңде оқушының ойлау, талдау және шығармашылық қабілеті дамытылады.

1-кезең

Ой додасы

Оқушылардың бастапқы түсінігін анықтау: «Жылқы не үшін қажет?» деген сұрақ төңірегінде ой бөлісу.

Жазушымен танысайық

Сәбит Мұқанов туралы

Сәбит Мұқанов (1900) — Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері. Оның «Өмір мектебі», «Ботакөз», «Ақ аю», «Балуан Шолақ» сияқты көптеген шығармалары бар.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқу және мазмұндау

  • Мәтінді дауыстап оқу.
  • Негізгі ойды анықтау.
  • Мазмұнын әңгімелеп беру.

2-кезең

Танымдық дода

Атпен ойналатын ұлттық ойындар мен спорт түрлерімен таныстыру, қазіргі кезде кең таралған ойындар туралы әңгімелеу.

Қызық дерек

1870 жылы Семей облысындағы бір көтеріліс кезінде артта қалған жүздікке хабар жеткізу үшін бір жігіт жіберіледі. Ол 29 сағатта 300 шақырым жолды тоқтамай шауып барып, қайта оралады. Осы есеп бойынша аттың орташа жылдамдығы сағатына 10,3 км болған.

3-кезең

Ұғымдық дода (мәтінді талдау)

  1. Табиғат көрінісін сипаттайтын тұсты тауып оқу.
  2. Жылқының аналық мейірімі айтылған жерін тауып оқу.
  3. Мақан жылқышының сөзін тауып оқу.

Жаңа сөздер

Тебінде
Қарды теуіп, қар астындағы шөпті жеу.
Қос
Көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі мен жығуы жеңіл баспана.

Сергіту сәті

Үнтаспа арқылы «Қаражорға» биінің әуенін қосып, қысқа қимыл-қозғалыс жасау.

Керек кеңес: қымыз туралы

Қымыз бие сүтін ашытып дайындалады. Дайындалу ерекшелігі мен сақталу мерзіміне қарай уыз қымыз, саумал қымыз, түнеме қымыз, бесті қымыз, құнан қымыз болып бөлінеді.

4-кезең

Шығармашылық дода

Тапсырмалар

  • «Жылқы» тақырыбында эссе жазу.
  • Өлең жазу (ұйқас үлгісі бойынша).

Ұйқас үлгісі

................................ құндызым,

................................ шабады.

................................ жұлдызым,

................................ қағады.

Мұны да ескер

Төмендегі тіркестердің мағынасы түсіндіріледі:

  • Атжалын тартып мінді — ер жетіп, азамат болды.
  • Тоқым қағар — алғаш жолға шығуға, алғаш мінуге байланысты жасалатын қуаныш.
  • Ат-шапан айып — кінә үшін төленетін дәстүрлі өтем.
  • Атқұйрығын кесісу — біржола араздасу, қарым-қатынасты үзу.

5-кезең

Шешуші дода

Әр топ жылқының пайдасы туралы ойын дәлелдеп, нақты мысалдар келтіреді.

Жылқының еті

Тағамдық пайдасы, дәстүрлі ас мәзіріндегі орны.

Жылқының қылы

Тұрмыста қолданылуы (мысалы, бұйым жасауға қажет болуы).

Жылқының терісі

Шаруашылықтағы, тұрмыстағы пайдасы.

Мұны да білген жөн

Тайжақы — құлынның немесе тайдың терісінен иленіп, астар салынып тігілетін, көктем мен күзде киетін сырт киім.

Қорытынды және бағалау

Әр топтың әр дода кезеңіндегі жұмысы қорытындыланып, топ басшысы арқылы сараланып бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Әңгімені түсініп оқу.
  • Мазмұнын айту.
  • Ізденіс жұмысы: жылқыға байланысты ауа райын болжау белгілерін жинақтау.