Сабақта диалогке керекті сөздер
Қысқа мерзімді жоспар (Сауат ашу, 1-сынып)
Тақырып
Л дыбысы мен әрпі. Асханада
Мектеп
Шаған ЖОББМ
Мұғалім
Мухамбетжанова С. О.
Оқу мақсаттары
Қарым-қатынас және сөйлеу мәдениеті
- 1.1.5.1 Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдану.
- 1.1.6.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) қолдану.
- 1.1.6.2 Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану.
Әріп таныту және жазылым
- 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
- 1.3.12.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.
Тілдік мақсат
Тірек сөздер
Диалогке арналған сұрақтар
— Біз қай жерде тыныш жүруіміз керек?
— Қай жерде жүгіруге болады?
— Қай жерде қаттырақ сөйлеуге болады?
Алдыңғы білім
Оқушылар үлкендермен сөйлескенде сыпайы сөйлеу керектігін және мектеп дәлізінде сабақ болып жатқан кезде тыныштық сақтау маңызды екенін біледі.
Сабақ барысы
Басы
0–5 минутШирату: «Үнсіз хор» әдісі.
«Жазда» өлеңін үш түрлі мәнермен айту (дауыс ырғағын өзгерту арқылы).
Ортасы
6–24 минутТақырыпқа кіріспе
- Асхананың суретін көрсету.
- Оқушыларға асханаға «саяхатқа» шығатынымызды хабарлау.
(Ө) Ым-ишара арқылы көрсету
Саяхат барысында көргендерін ым-ишарамен бейнелеу.
Сынып ішінде мектептегі негізгі орындардың атаулары жазылған карточкаларды іліп қоямын: асхана, дәліз, киім ілетін орын, кітапхана, баспалдақ. Оқушы әр сөздің қасына жақындағанда сол орынға тән іс-әрекетті қимылмен көрсетеді.
Мысал: «киім ілетін орын» тұсына келгенде киімін шешіп, іліп жатқандай қимыл жасау.
(Ж) Өзара сөйлесу
Берілген сұрақтар бойынша жұппен диалог құру: қай жерде тыныш жүру керек, қай жерде жүгіруге болады, қай жерде қаттырақ сөйлеуге болады.
(Т) «Л» дыбысы бар сөздерді табу
Бүгінгі айтылған сөздер ішінен л дыбысы кездесетіндерін қайталау: дәліз, киім ілетін орын, баспалдақ және т.б.
Электронды оқулықпен жұмыс (тыңдалым)
- «Л» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? (талқылау)
- Л л әрпімен таныстыру.
- Кеспе сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Жазылым
Көркем жазу: Л л әрпін үлгі бойынша жазу.
Жазу барысында жолды, жоларалық кеңістікті, жоғарғы және төменгі сызықты сақтауға назар аудару.
Қысқа ширату жаттығуын орындау.
Соңы
25–35 минутҚорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ол дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Кері байланыс
Егер сабақты жақсы түсінсеңдер күннің, ал әлі де түсінбеген тұстарың болса бұлттың суретін көтеріңдер.
Негізгі ой
Бұл сабақта оқушылар мектеп кеңістігіндегі орын атауларын қолдана отырып, әдепті қарым-қатынас жасауға және «Л» дыбысы мен Л л әрпін тануға, дыбыстық талдау жасап, көркем жазуға машықтанады.