Диірменнен келдің қай жақтан

Армысың, алтын күз!

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.

Жүргізуші сөзі

Армысыздар, құрметті ата-аналар мен әріптестер! Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекесіне арналған «Аққу» тобы бүлдіршіндерінің «Армысың, алтын күз!» атты мерекесіне қош келдіңіздер!

Күз келді

Күз де келді. Күн ептеп салқындады. Жел ысқырады, кейде дүлей дауыл да жетеді. Балабақшаның кең ауласы жапыраққа толды.

1. Берекелі, мерекелі —
Келді жомарт алтын күз.
Далада да, қалада да —
Жанның бәрі жарқын жүз.

2. Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы — қызыл думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің.

Негізгі ой: Молшылық күз — береке күз! Береке күз — мерекеміз.

Ән: «Мерекелі күз келді»

Кейіпкер: Күз

Күздің сәлемі

Сәлем, өрен достарым! Алақанды тосыңдар.

Қымбатты сый алыңдар, қызығына қоныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер, жайнап гүлдей жүріңдер.

Келіңдер, күз тойын тойлайық — би билейік, ойнайық!

Жүргізуші

Күз арқылы біз жомарттықтың салтын танимыз. Біз сені жақсы көреміз!

Балалар: Рахмет саған, алтын күз!

Күз сұрағы

1) Жылдың неше мезгілі бар? Соның ішінде мен де бармын.

Күз сұрағы

2) Неге мені «берекелі, жомарт күз» деп атайды?

Балалардың жауабы

Ойындар мен билер

Ойын: «Жаңбыр»

Жаңбыр жауды көлдерге,
Ағаштарға, шөлдерге.
1, 2, 3, 4, 5 —
Жаңбырдан қаш тез!

Жүргізуші

Күзде жиі жаңбыр жауады. Бірақ біздің қыздар жаңбырдан қорықпайды, өйткені олардың қолшатырлары бар.

Би: «Қолшатыр»

Тақпақ

Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырлап.

Тақпақ

Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.

Күздің мінезі

Мен жүрген жерде жаңбыр жүреді. Жел қасымда болады. Кейде жел қатты соғып, күн суытады.

Кейіпкер: Жел

Жел келеді (музыка)

Күз, күз, мен сені іздеп жүрмін!

Диалог

Күз: Мен балаларға әдейі сенсіз келдім. Менің күзгі желім қатты соғады, суық болады. Балаларды қатты қорқытпа. Мен барып балаларға сыйлық дайындайын.

Жел: Мен қатты соқпаймын, балаларды қорқытпаймын. Балалармен бірге ойын ойнаймын.

Ойын: «Тарс-тұрс жел соққанда»

Қайың, терек басынан
Сарғыш тартқан жапырақ
Жерге түсіп тербелген,
Жел үрлесе қалтырап.

Сұрақ-жауап

Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

Балалар: Сары, жасыл, қызыл!

Балалар қолдарындағы жапырақтарын көрсетеді.

Би: «Жапырақтар» (жалпы би)

Алтын-алтын, сары алтын —
Алтын күзде нұр жатыр.
Сары жапырақ төгіліп,
Жерге түсіп тұр жатыр.

Ән: «Күз ырғағы»

Ойын: «Жапырақ жинау»

1, 2, 3, 4 — жапырақты көп жина!

Жемістер айтысы

Берекесін сыйлауға өлке­мізге күз келді.
Жемістерін жинауға шақырады біздерді.

Жүзім

Мен жүзіммін, жүзіммін — моншақ болып тізілдім.

Алмұрт

Мен алмұртпын — ауызындамын бар жұрттың.

Өрік

Мен өрікпін, өрікпін — табиғатқа көрікпін.

Жүзім (жалғасы)

Ішім толған шәрбат, дәмім сондай әйбат.
Үзсең бірдей жүзім — менің атым жүзім.

Шабдалы

Пісетін кезім дәл күзде,
Мезгілсіз мені үзбе.
Аузыңа кетпес бал дәмім — менің атым шабдалы.

Шие

Мен шиемін, шиемін — күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар, төмен басымды иемін.

Бәрі бірге:

Жиналыппыз бәріміз, қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз!

Жүргізуші

Жемістердің бәрі де денсаулыққа пайдалы. Мұны ұмытпаңдар: оларды жақсы көріңдер!

Қойылым: «Шалқан»

Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын,
Тауып көр мендей шалқанды!

Жүргізуші

«Шалқан» ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.

  • Ата: Бекзат
  • Әже: Сапура
  • Немере: Томерис
  • Күшік: Фатима
  • Мысық: Диана
  • Тышқан: Сабина

Би: «Балапандар»

Астық пен нан қадірі

Нан анасы — бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.

Жүргізуші

Күзде көкөністер мен жемістер ғана емес, астық та піседі. Диқандар оны орып, жинап алады. Дәннің анасы — нан. Нан — біздің байлығымыз.

Диалог: «Қайдан келдің, бауырсақ?»

— Қайдан келдің, бауырсақ?

Дастарқанда шашылып жатқан аппақ бауырсаққа қызыға қарап, қуыршақ сұрайды:

— Қайдан келдің, бауырсақ?

— Дүкеннен келдім, — дейді бауырсақ.

— Дүкенге қай жақтан келдің?

— Наубайдан келдім.

— Наубайға қай жақтан келдің?

— Диірменнен келдім, ұн тартқан.

— Диірменге қай жақтан келдің?

— Даладан келдім кең жақтан. Жер — анам менің көсілген, диқандар мені өсірген.

Ән: «Күз келді»

Жұмбақ және жаңа кейіпкер

Жұмбақ

Көлеңкені сүйген,
Басына телпек киген.
Үйі — орман,
Жауынды сүйген.
Бұл не?

Балалар: Саңырауқұлақ!

Кейіпкер: Саңырауқұлақ

Саңырауқұлақ келіп, балалармен амандасады да, ойындар ұйымдастырады.

1-ойын: «Кім жылдам?»

Көкөністер мен жемістерді жинау.

2-ойын: «Қолшатыр»

Қимылды ойын.

Тақпақ

Жемісі мол теретін —
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін —
Жомарт екен күз деген.

Қорытынды

Жүргізуші

Міне, балалар, алтын күздің берер байлығы көп. «Күз жомарт» деп бекер айтылмаған.

Ән: «Күз жомарт»

Соңында Күз балаларға себетке салып сыйлық таратады.