Поэзия минуты
Тәрбие сағаты: Мұқағали — мәңгілік ғұмыр!
Бұл ашық тәрбие сағаты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын танытуға, өлеңдерін мәнерлеп оқуға және оның поэзиясының халық жүрегіндегі орны мен сырын тереңірек ұғынуға арналған.
Мақсаты
Оқушыларды адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдық пен әсемдікті бағалауға, әннен ләззат алуға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі
Ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі, гүлдер, буклеттер, слайдтар.
Кіріспе сөз
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан айбынды ақын Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнаймыз. Жылдар жылжып өткен сайын ақынның артында қалған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырап, күн сәулесін шашқандай әсер қалдырады.
Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық — шын мәнінде бақытты халық. Мұқағали — ақиық ақын. Әрбір жас ұрпақ оның өлеңдерінен нәр алып, рухани сусындайтыны анық. Ақын қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын айқын дәлелдеп кетті.
Ақын өзі айтқандай: «Жазылар естеліктер мен туралы…» Уақыт өткен сайын Мұқағали тұлғасы ақиқат пен аңызға айналып, поэзиясы халқымыздың қымбат қазынасы ретінде биіктей береді. Ол халқымен бірге жасайтын ақын.
Осылайша, «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр!» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Жоспар
-
1
Ұшқан ұя · Білім баспалдақтары
Ақынның өмірі, шығармашылығы және білім алған оқу орындары туралы мәлімет.
-
2
Поэзия минуты
Ақын өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу.
-
3
Поэманы жатқа оқу
«Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларынан үзінділер.
-
4
Жыр арнадым, ақынға!
Оқушылардың өз шығармашылық өлеңдері мен ән орындауы.
Бөлімдер бойынша өту тәртібі
1) Ұшқан ұя · Білім баспалдақтары
Бұл бөлімде Аружан мен Сарбина ақынның өмірі, шығармашылығы және білім алған оқу орындары туралы толық мәлімет береді. Назар салып тыңдайық.
2) Поэзия минуты
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Келесі кезекте ақынның төл туындыларын жатқа оқитын оқушыларымызды тыңдаймыз:
-
Өтешова Аружан (8-сынып)
«Күрсінбеші!»
-
Жеңіс Қарылға
«Сезім»
-
Талапова Аяулым
«Таудағы көктем»
-
Стамгазиева Гүлдана
«Арыз жазып кетейін»
-
Аухатқызы Гүлбаушан
«Лашынға»
-
Серікова Ақжібек
«Жолым менің болмай жүр»
-
Тұрсынов Аятбек
«Шыда, шыда, шыдай түс!»
3) Поэманы жатқа оқу
Былтырғы оқу жылында аудандық Мұқағали оқуларына қатысып, аталым иеленген 8-сынып оқушысы Тұрсынов Аятбек ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларынан үзінділерді жатқа оқиды.
4) Жыр арнадым, ақынға!
Өлең — өнер. Оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана жүрек пен сезімнің отына орап, ақ қағазға түсіреді. Ендеше, жадымызда мәңгі жаңғыратын жыр жолдарына құлақ салайық.
Бұл бөлімде оқушылар өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқиды. Мектебімізде Мұқағалидай жыр жазатын талапты оқушылар бар. Кезекті соларға береміз.
Мұқағали поэзиясы бүгінде әнге айналды. Оның сөзіне жазылған әндер халық жүрегінен берік орын алып, қуаныш пен қайғыны бөлісер жан серігіне айналды.
Хасанова Ақгүлімнің орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың!» әнін тыңдаймыз.
Қорытынды
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
…Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның жырын еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін біледі десек, қателеспейміз. Ақынның артына қалдырған сөзі жүрегімізден орын тапты.
Тарлан талант Мұқағали уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасай береді. Мұқағали мұрасы — халық қазынасы. Мұқағали поэзиясы әр мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасайды деп ойлаймыз.
Кешіміз аяқталды. Қатысып, тыңдағандарыңызға көп рахмет!