Өкпедегі газ алмасу

Сабақ туралы

Тақырыбы

Өкпенің құрылысы мен қызметі.

Түрі мен типі

  • Түрі: жаңа білімді меңгерту
  • Типі: аралас сабақ

Мақсаты

Топтық жұмыс барысында өкпенің құрылысына, тыныс алу және тыныс шығару қозғалыстарына, өкпеде жүретін газ алмасуға және ұлпалардағы алмасу үдерістеріне сипаттама беру.

Әдістері мен көрнекілігі

  • Әдістері: талдау, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау
  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, муляж, тірек-сызбалар, электронды оқулық

Міндеттері

Білімділік

Тыныс алудың маңызын түсіндіру, өкпенің құрылысы мен қызметі туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Дамытушылық

Білімді есте сақтауды жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз бетінше іздену дағдысын қалыптастыру, қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Ұйымшылдық пен сыйластықты дамыту, тұлғалық ізгі қасиеттерге баулу, ұқыптылыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелермен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Өткенді білеміз бе?» сұрақтары арқылы тыныс алу жүйесі туралы білімді еске түсіру.

1. Тыныс алу жүйесі қандай маңызды қызмет атқарады?

Газ алмасу.

2. Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

Мұрын қуысы, аңқа, көмей, кеңірдек, бронхылар.

3. Ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізетін мүше?

Көмей.

4. Көмей шеміршектерінің арасында қандай сілемейлі құрылымдар болады?

Екі дыбыс сіңірі.

5. Ұзындығы 9–13 см, өңештің алдында орналасқан түтік?

Кеңірдек.

6. Диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғасы бір қабат эпителийден тұратын құрылым?

Альвеола.

7. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан, іші қуыс шеміршекті мүше?

Көмей.

8. Мұрын қуысы үшін лейкоциттердің маңызы қандай?

Микробтарды жояды.

9. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістік қалай аталады?

Дыбыс саңылауы.

10. Тыныс алу органдарының ішіндегі ең үлкен мүше?

Өкпе.

Қосымша жұмыс түрлері

  • Суретке сипаттама беру.
  • «Ойша саяхат» (тыныс алу жолымен ауа қозғалысын кезең-кезеңімен елестету).
  • «Сіз білесіз бе?» айдары арқылы қысқа деректермен жұмыс.

III. Жаңа сабақ: өкпенің құрылысы мен қызметі

Өкпе дегеніміз не?

Өкпе — кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті, жұп мүше.

Оң жақ өкпе

Үш бөліктен тұрады.

Сол жақ өкпе

Екі бөліктен тұрады.

Өкпенің беттері мен қақпасы

Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды. Ішкі ойыс, жүрекке жақын бетінде өкпе қақпасы орналасады.

Өкпе қақпасы арқылы

  • негізгі бронхылар, өкпе артериялары және жүйкелер кіреді;
  • веналар мен лимфа тамырлары шығады.

Альвеолалар

Альвеолалар — ауаға толы өкпе көпіршіктері. Олардың қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, ал сыртын капиллярлардың қалың торы қоршайды.

Диаметрі

0,2–0,3 мм

Тереңдігі

0,06–0,3 мм

Қабырғасы

1 қабат эпителий

Өкпедегі газ алмасу

Дем алған және дем шығарған ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпеде жүретін газ алмасудың нәтижесін көрсетеді.

Дем алған ауа

  • 21% оттек
  • 79% азот
  • 0,03% көмірқышқыл газы

Дем шығарған ауа

  • 16% оттек
  • 79% азот
  • 4% көмірқышқыл газы

Ішкі тыныс алу (ұлпадағы газ алмасу)

Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан ұлпа сұйықтығы арқылы капиллярларға диффузияланады. Бұл үдеріс ұлпадағы газ алмасу, яғни ішкі тыныс алу деп аталады.

Тыныс алу жиілігі

Тыныштық күйінде ересек адам минутына 16–18 тыныс алу қозғалысын жасайды.

IV. Бекіту

Өтілген материал бойынша сұрақ-жауап жүргізу және негізгі ұғымдарды қорытындылау.

V. Сергіту сәті

Қысқа қозғалыс жаттығулары арқылы назарды жаңарту және жұмыс қабілетін арттыру.

VI. Бас қатырғыш (есеп)

Мәселе

Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6 л қанды тамырларға айдайды. 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды?

1 сағатта

60 × 6 = 360 л

1 тәулікте

360 × 24 = 8640 л

VII. Пайдалы кеңестер

Медицина ғылымына зор еңбек сіңірген ғалым Халел Досмұхамедұлының «Танысың сау болсын десең…» деген ұстанымына сай, оқушы саулығын сақтау жөніндегі ұсыныстар:

  1. 1. Дем алғанда аузың әрдайым жабық болсын.

  2. 2. Шаңды немесе ауасы бұзылған жерде тұрма. Әсіресе үй ішінде шаң көтерме.

  3. 3. Киім мен төсекті үй ішінде қақпа. Тазалауды сыртта жаса. Үйдегі заттардың шаңын дымқыл шүберекпен сүрт.

  4. 4. Үйде жұмыс істегенде жылы уақытта терезені ашық ұста.

  5. 5. Суық кезде де есік-терезені қысқа уақытқа ашып, ауаны жаңартып тұр.

  6. 6. Өткір желден сақтан.

  7. 7. Шылым тартпа: темекінің ағзаға өте зиян екенін ұмытпа.

Қорытындылау

Үй тапсырмасы

«Өкпенің құрылысы мен қызметі» тақырыбын қайталау.

Бағалау

Белсенділік пен жауап сапасына қарай бағалау.

Нәтиже

Өкпенің құрылысы, тыныс алу қозғалыстары және газ алмасудың мәні жүйеленеді.