Біріккен сөздер
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: Оқушыларға біріккен сөздердің жасалу жолдарын мен түрлерін меңгерту, күрделі сөз түрлерінен ажырата білуге үйрету.
- Дамытушылық: Есте сақтауын, ой-өрісін, ынтасын, танымын, зейінін және қызығушылығын арттыру; ізденіске бағыттау; шығармашылық қабілетін, сөздік қорын дамыту.
- Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, жинақылыққа тәрбиелеу; өз ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, слайдтар
- Үлестірме қима қағаздар, ребус
- Топ атаулары, кесте
- Біріккен сөздерге қатысты «Таңғажайып табиғат» суреттері
- Шығармашылық жұмыс тапсырмалары
Сабақтың түрі мен әдістері
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, баяндау, СТО (сыни тұрғыдан ойлау) стратегиялары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, сынып тазалығына назар аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу: «Атамекен», «Жерұйық», «Жұмбақтас».
II. Психологиялық қызығушылықты ояту
Біз қандаймыз, қандаймыз — Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. Үлкенді сыйлаймыз, Кішіні жақтаймыз. Біз көңілді баламыз — «Қайырлы күн!» деп, қонақтар, Сәлемдесіп аламыз. Қайырлы күн болсын! Әрқашан күніміз сәтті болсын!
III. Үй тапсырмасын тексеру
Ереже: күрделі сөз тақырыбын қайталау.
IV. Жаңа сабаққа дайындық
1-слайд: Сөз тұлғасына қарай
Түбір → Қосымша → Жұрнақ / Жалғау
2-слайд: Сөз құрамына қарай
Дара, күрделі: біріккен, қысқарған, қос сөз, тіркесті.
Сызбамен жұмыс: Ертегіні еске түсірейік. Ерте, ерте, ертеде Сөзстан деген елде Күрделі сөз атты ақсақал өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Сол ақсақалмен бірге бізге тағы бір қонақ келіпті — ол бізге көптеген тапсырма әкелген екен. Тапсырмаларды бірлесе орындасақ, сабақ соңында қонақтың кім екенін білеміз.
V. Дәптермен жұмыс: суретті диктант
Күн жады жазылады. Төмендегі сөздерді жазып, сөз құрамына талдаңыз:
- Алма + жан
- Айна + гүл
- Ай + дос
- Ит + мұрын
- Түйе + құс
- Тас + бақа
- Тоғыз + құмалақ
- Алты + бақан
- Шаң + қобыз
Оқушылар талдау арқылы сөздердің екі түбірден тұратынын анықтайды. Мұғалім қорытындылайды: бірлік пен ынтымақ бар жерде береке бар — «Біріккен сөз» ұлы да осылайша тату-тәтті өмір сүрген екен.
VI. Жаңа сабақ: Біріккен сөздер
Мысалдар: көкжиек, шекара, аққұтан.
Көкжиек
Таңертеңгі мезгілде көз жетер ашық аспан аясы.
Аққұтан
Денелі, аяғы ұзын, топшасында әсем қауырсыны бар жыл құсы.
Мағыналық белгісі
Екі түбірден құралса да, бір ғана мағынаны білдіреді және бір сұраққа жауап береді.
Ереже: Екі не одан да көп түбірден құралған сөздер біріккен сөздер деп аталады. Біріккен сөздер бірге жазылады: алабота, балқарағай.
VII. Оқулықпен жұмыс
33-жаттығу (77-бет): сөздерді ауызша оқып, түбірлерін анықтаңыз. Әр сөз неше түбірден құралғанын айтыңыз.
Түсіндірме
Бұзаубас — басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын, түсі сары қоңыз.
Түсіндірме
Егеуқұйрық — ауыл шаруашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын сұр тышқан.
VIII. Топтық жұмыс
I топ
Таратылған қима қағаздардағы сөз бөліктерінен біріккен сөздер құрастырыңыз.
II топ
Білетін шөп атауларын тізіп жазыңыз.
III топ
Ой сергіту тапсырмаларын орындаңыз.
Ой сергіту тапсырмалары
- Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (_____)
- Аяғы түйеге ұқсайды, құс болса да ұшпайды. (_____)
- Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі тамақ пісіретін ыдыс. (_____)
- Үй жануарының бірінің аты және сезім мүшесінің аты бірігіп айтылған сөз. (_____)
- Бірінші түбірі — сан, екінші түбірі — дене мүшесі, үшінші түбірі — онсыз ас дәмсіз. (_____)
- Көмір кенімен белгілі қала? (_____)
- Қазақтың ұлттық ойыны. (_____)
IX. «Қошеметтеу» ойыны
Мәтін ішінен біріккен сөздерді естігенде қол соғыңыз.
Тоғай ішіндегі барлық құстар жиналып, бейбітшілік туралы сайрай бастады. Бұл мерекені құс төресі аққу басқарды. Шағын алаң құстарға сыймай кетті. Бұлбұл мен көкек те, үйрек пен қаз да, бөдене мен бұлдырық та, аққұтан мен көкқұтан да, бірқазанға дейін келді.
X. Сергіту сәті
«Егер көңілді болсаң...» сергіту жаттығуы орындалады. Мұғалім оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа келген қонақты бірге анықтауды ұсынады.
Қонақ кім екен? — Аяз ата.
XI. Шығармашылық жұмыс
Тапсырма: «Жаңа жылдық шыршада» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз. Мәтін ішінде біріккен сөздер бар сөйлемдер міндетті түрде болсын.
XII. «Ойың жүйрік, тілің жүйрік» ойыны
Біріккен сөздер арқылы аң-құс, жер-су атауларын жазыңыз.
XIII. Үй тапсырмасы
«Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме құрап жазыңыз.
XIV. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.